Қазақстанда несиелер кешіріліп жатқаны рас па?

Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерді пайдалануға сұраймыз, сондай-ақ, түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Көрінеу жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», – делінген Агенттік хабарламасында.

Агенттік елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тетігі жұмыс істейтінін атап өтті. Осы тетік аясында мерзімі өткен берешекті реттеуге болады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.