ЗОРЛЫҚШЫҒА ЖАЗА ҚАТАҢ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл тек жеке адамдарға ғана емес, бүкіл қоғамға әсер ететін маңызды әлеуметтік мәселе. Бұл мәселе, өкінішке орай, Ақмола облысында да өзекті болып отыр.

 Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылдың алғашқы төрт айында Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 28 189 шағым түскен. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мамандар соңғы көрсеткіштердің де аз емес екенін, алаңдауға тұрарлық сандар екенін айтады. Ақмола облысының құқық қорғау органдары қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа себепкер болған 44,4 мың адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың ішінде 11 026 адам қамауға алынған. Бұл құқық бұзушылардың бұдан былай жазасыз қалмайтынын айғақтайды. Ал 2023 жылы жәбірленушілердің арызданудан бас тартуына байланысты 60%-дан астам құқық бұзушы жазадан құтылып кеткен болатын, ал 2024 жылы тіркелген фактілер бойынша айыптылардың 98%-ына шара қолданылған. Бұл Ақмола облысында ғана емес, еліміздің бар аймағында осы қылмысқа қатысты жаңа ережелердің күшейіп, күдіктіге міндетті түрде заң алдында жауап беруге тура келетінін көрсетеді. Бұл қылмыстардың ішінде бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқан қылмыстар да бар. Мәселен, Есіл ауданында 40 жастағы әйел бірнеше жыл бойы күйеуінің тарапынан жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Күйеуі ішімдікке әуестеніп, агрессиясын әйелі мен балаларына бағыттаған. Әйел бірнеше рет полицияға жүгінуге тырысқанымен, алғашқы уақытта ешқандай нәтиже болмаған. Алайда, 2024 жылдың басында жағдай күрделене түскен кезде, әйел қайтадан құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болды. Осы жолы полиция дереу әрекет етіп, күйеуін қамауға алды. Оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, отбасына қажетті психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауыр салдарын және оны шешу үшін қандай шаралардың қажет екенін айқын көрсетеді. Жәбірленушіге уақытылы көмек көрсету арқылы ғана осындай жағдайлардың алдын алуға болады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және психологиялық салдары да ауыр. Мұндай жағдайлар жәбірленушілердің физикалық және психологиялық денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, жалпы қоғамға да теріс әсер етеді. Мысалы, балалар, әсіресе осындай зорлық-зомбылықтың куәгерлері немесе құрбандары болғанда, олардың психологиялары бұзылады, болашақта олардың да зорлық-зомбылыққа бейімділігі артады дейді психологтар. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін кешенді шаралар қажет. Ақмола облысында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, агрессорларға қатысты қатаң шаралар қолдану және жәбірленушілерге көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, ақпараттық науқандар ұйымдастыру арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды қадамдардың бірі. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жергілікті билік органдарының да рөлі маңызды. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бағдарламаларды қаржыландыру, жәбірленушілерге әлеуметтік көмек көрсету және құқық қорғау органдарымен ынтымақтасу арқылы бұл мәселеге белсенді түрде араласуы тиіс. Мектептерде, колледждерде және университеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қаупі мен оның алдын алу туралы ақпараттық сабақтар ұйымдастыру да маңызды шаралардың бірі. Соңғы көрсеткіштер Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес саласында көптеген оң өзгерістер бар екенін дәлелдеді. Дегенмен, бұл мәселені толық шешу үшін тек құқықтық және ұйымдастырушылық шаралармен шектеліп қалмай, әлеуметтік қолдау, ақпараттық-түсіндіру және алдын алу шараларын кешенді түрде іске асыру қажет. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Самал АСҚАР, «Заң газеті»

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...