Өзінің жұмыс орнына ұрлыққа түсіп, 6 миллион теңгені жымқырған жігітке сот үкімі шықты

2022 жылдың тамыз айында Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс тіркелген болатын. Онда арызданушы жергілікті тұрғын, өзінің сусындар тұратын қоймасына белгісіз біреу кіріп, кассадан 6 млн теңге ұрлап кеткенін көрсеткен.                     
Аталған жайтты полиция қызметкерлері "Ұрлық" бабымен тіркеп, қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.                
Полицейлердің тергеу әрекеттері барысында, күдікті бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істегені анықталды. Ол ұрлық жасамас бұрын сол күні қойма ішіне кіріп, жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп, 5 сағаттай жасырынып отырған. Жұмыс уақыты аяқталып, қоймадағылар үйлеріне тарқаған сәтте ешкімнің қалмағанына көз жеткізіп, арам ойын іске асырған. Яғни, қойманың терезесінен кассаға өтіп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Одан айғақты зат ретінде 1,5 млн теңге алынып, иесіне қайтарылған.      
Осы іс бойынша жан-жақты тексеру шараларын атқарып, дәлелдемелерді жинақтаған полицейлер іс құжаттарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. 

Нәтижесінде сот үкімімен 23 жастағы жас жігіт ҚР КҚ-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...