Қазірдің өзінде Қазақстанда 2 500 жылжымайтын мүлік иесі бірегей отандық технологияны пайдаланып, өз пәтерлеріне құқық белгілейтін құжаттарды цифрлық форматта алды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында BI Group құрылыс компаниясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті сатып алу процесіне блокчейн технологиясын енгізді. Ол тұрғын үйді онлайн режимде рәсімдеу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл инновация деректерді біріктіру және сақтау үшін ең қауіпсіз болып табылады.
Енді құқық белгілейтін құжаттарды алу үшін құрылыс салушының кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Сату бөлімінде, содан кейін нотариуста немесе ХҚКО-да өтетін бір күннің орнына сатып алушы сайтқа кіріп, барлық кезеңдерді бар-жоғы 15 минутта аяқтай алады.
«Bi.group сайтының басты бетінде клиент пайдаланушы кабинетіне өтіп, тіркелуі қажет құжатты таңдап, өз деректерін толтыруы және ЭЦҚ көмегімен офертаға қол қоюы қажет. Егер клиент некеде тұрса, онда жұбайы да ЭЦҚ-мен өз келісімін көрсете алады. Содан кейін келісімшартқа құрылыс салушы қол қояды және тек QR көмегімен мемлекеттік баж салығын төлеу ғана қалады. Пәтер тіркелгеннен кейін құжаттар BIG App қосымшасында, жеке кабинетте қолжетімді болады», — дейді сатып алу процесінің қадамдары туралы Қоныстандыру орталығының маманы Әмина Сыздықова.
Жылжымайтын мүлікті онлайн рәсімдеудің маңызды артықшылықтарының бірі – тек мемлекеттік тіркеу ақысы ғана төленетіндігінде. Сайт арқылы рәсімдеу құны 4 810 теңгеге тең, бұл ХҚКО-ға қарағанда үш есе арзан, ал нотариус арқылы тіркелу 30 000-нан 50 000 теңгеге дейін барады.
Ағымдағы жылы BI Group сандық технологиялардың пайдасына қағаз тасымалдаушылардан бас тартатынын мәлімдеді. Осылайша, соңғы жарты жылда компания сатып алу-сатудың қағаз шарттарында 2 млн-нан астам парақты немесе 200 ағашты үнемдеді.