«Жылдамдықты асырдым»: қандай жағдайларда айыппұл алып тасталуы мүмкін?

Сізде мәжбүрлі себептермен жолдағы жылдамдықты асыруға тура келген кездер болды ма? Адамның басында түрлі жағдай болады. Бірақ мұндай жағдайларды «Сергек» камерасына түсіндіру мүмкін емес. Tengrinews.kz тілшісі қандай жағдайда айыппұлды даулауға болатынын білді.

Жылдамдықты заңды түрде арттыруға болатын жағдайлар айтылды. Заңгер Данияр Байғабатовтың айтуынша, ӘҚБтК-де «адамға аса қажет болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды» деген ұғым бар.

«Мұндай бап бар. Бірақ мұның бәрі сотта қаралады. Атап айтқанда — қаншалықты объектив себеп. Менің тәжірибемде болған мысалдардың бірі — әйелдің босанатын кезі. Бірақ мұнда бәрі расталуы керек. Біріншіден, әйелдің перзентханада тіркелгені туралы анықтама. Екіншіден, көлік шынымен ауруханаға қарай жылжығанын дәлелдеу керек. Яғни, егер жүргізуші адамды ауруханаға жеткізу үшін жылдамдығын асырса, сот растауды қарастырады. Кенеттен қандай да бір жағдай болады және адамды ауруханаға жеткізу және оның өмірін шартты түрде сақтау үшін жол ережелерін бұзу керек жағдайлар. Шұғыл көмек қажет болғанда», — деп түсіндірді Байғабатов.

Алайда, бұған қоса, тағы бір мәселе бар: сотта жылдамдықты арттырудың негізділігі туралы мәселе анықталады — адам неге жедел жәрдем шақырмаған.

Қазақстандық заңгердің жауабын Астана Полиция департаменті растады.

«Егер көлік құралының жүргізушісіне айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама келіп түскен жағдайда, бұл ретте жүргізуші жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою мақсатында әрекет еткен жағдайда, онда бұл құқық бұзушылық ӘҚБтК-нің 37-бабына сәйкес тоқтатылуға жатады. Ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам әкімшілік полиция басқармасына жүгінуі қажет», — деп түсіндірді ПД.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.