Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу 28 қарашада аяқталады

Прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзған 13 факт анықтаған. Оның ішінде 7 факт – үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға қатыс болған.

Барлық кінәлі тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңның 32-бабы бойынша, дауыс беру күні және оның алдындағы күні, яғни 2026 жылғы 28 және 29 қарашада кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу 2026 жылғы 28 қарашада, сағат 00:00-де аяқталады, — делінген үндеуде.

Не нәрсеге рұқсат беріледі, не нәрсеге тыйым салынады?

Бұл ретте сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс бұрын ілінген баспа үгіт материалдарын бұрынғы орнында сақтауға болады.

Интернет желісінде бұрын жарияланған үгіт материалдарын да бұрынғы орнында сақтауға болады.

Бұрын жарияланған үгіт материалдарын интернет-ресурстардың басты бетіне шығаруға жол берілмейді.

Толтырылған бюллетеньді фото- және (немесе) бейнетүсірілімге түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.

Заңның осы нормалары сақталмаса, үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасаған адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады (жеке тұлғаларға – 15, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады).

Сайлау күні қоғамдық пікір сұраса, жазасы қандай?

Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы бойынша, қоғамдық пікірге сауал салу нәтижесін, сайлау нәтижесінің болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижесін дауыс берілетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралына, онлайн-платформаларға жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікір сұрауға тыйым салынады.

Осы құқық талаптарын бұзған адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша, әкімшілік жауапқа тартылады (жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады).

Масс-медиада жалған ақпарат тараса, жазасы қандай?

Белгіленген тәртіпті бұза отырып, өтетін бейбіт жиынды ұйымдастырған және оған қатысқан адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы бойынша (ескерту жасау, айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептелетін айыппұл салу немесе әкімшілік қамаққа алу) жауапқа тартылады.

Бұл әрекет азаматтарға, ұйымдарға, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады (айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, қамау).

Масс-медиада жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контент таратуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттің қауіп деңгейіне және келтірілген зиянына қарай Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша (Көрінеу жалған ақпарат тарату) қылмыстық жауап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша (жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контент жариялау және тарату) әкімшілік жаза көзделген.

Естеріңізге салайық, елімізде 29 қарашада мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.

Қазақстан таеквондодан әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды 

Турнирде Олимпиада және әлем чемпиондары сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Елімізде биылғы қыс қандай болады? Сарапшылар болжамы 

Қараша айында Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келетін циклондар сериясы әсер етіп жатыр. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы қалыптасқан. Алайда синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын түсетінін болжайды.