Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды», — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайызы — Қытайдан, 7,4 пайызы — Түрікменстаннан, 3,2 пайызы — Моңғолиядан және 8,8 пайызы басқа елдерден қоныс аударғаны айтылды.

Этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған:

  • Алматы облысы (31,6 пайыз),
  • Маңғыстау облысы (18,3 пайыз),
  • Түркістан облысы (9,8 пайыз)
  • Жамбыл облысы (6,3 пайыз),
  • Алматы (5,7 пайыз),
  • Нұр-Сұлтан (7,1 пайыз),
  • Шымкент (8,1 пайыз)7.

Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 62 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны — 24,1 пайыз және зейнеткерлер саны — 13,9 пайыз.

Ведомство мәліметінше, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 47 пайызы жалпы орта білімді және 1,6 пайызының білімі жоқ.

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.

Ел аумағында бір тәулікте бес орман өрті тіркелді 

Орман алқаптарындағы өрт жағдайы әуе және жерүсті патрульдері арқылы тұрақты бақылауда.

Медтексеруден өтпесе, көлік жүргізу құқығы тоқтатылады: Жаңа тәртіп кімдерге қатысты? 

«Медициналық тексерусіз көлік жүргізуге болмайды»: 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан жүргізушілерді не күтіп тұр?

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды 

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ болмауға кеңес береді.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.