12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жыл басынан бері 25 мың көп балалы отбасы жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізгендер.

«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келіп тиісті жәрдемақыны рәсімдей алады. Осыған дейін жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрін алушылар тізімінде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы – бұған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөліністе жыл басынан бері жәрдемақының рәсімделуіне Түркістан облысынан көп өтініш қабылданған. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Естеріңізге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелет жасына толғаннан кейін білім беру ұйымдарын тәмамдағанға дейін (23 жасқа дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы көлемі: 4 баласы барларға – 42 496 тг, 5 балаға – 53 127 тг, 6 балаға – 63 757 тг, 7 және одан көп балаға – 74 388 тг.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.

Подписан трехсторонний меморандум

Заместитель руководителя департамента Судебной Администрации по ЗападноКазахстанской области Қ....

Новая страница великой истории

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров обратился к жителям региона,...

Экономическая база развития науки

В Атырау состоялось выездное заседание президиума Национальной академии наук...

Повышение статуса педагогов

В Казахстане насчитывается около 400 тысяч педагогов, работающих в...

Пример для подражания 

В Военном суде состоялось торжественное мероприятие, посвященное 70-летнему юбилею...