Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастық

Атырау облыстық білім басқармасына қарасты № 79 мекемесі жанындағы колледжде «Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастық» атты семинар өтті. Бұл маңызды шараға Атырау облысының білім саласының өкілдері, кәсіпкерлер, жұмыс берушілер мен оқытушылар және 79 мекемесі жанындағы колледже білім алушы сотталған азаматшалар қатысты.Семинар барысында жұмысшы мамандықтарының қазіргі даму үрдістері мен олардың еңбек нарығындағы сұранысына байланысты пікірлер алмасып, жаңа технологиялар мен кәсіби біліктіліктерге қойылатын талаптар талқыланды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы мен оның тиімділігі сөз болды. Жұмыс берушілер арасында серіктестік орнату мақсатында меморандумға қол қою салтанаты өтті. Бұл маңызды шараның мақсаты — жастардың кәсіби білімдерін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастыру, жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, білім алушы сотталған азаматшаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттыру болды. Меморандумға қол қою арқылы колледж бен жұмыс берушілер өзара тиімді серіктестік орнатып, студенттердің білім алуы мен кәсіптік тәжірибе жинақтауына қолдау көрсетуге ниет білдірді. Бұл серіктестік білім алушы сотталғандардың кәсіби дағдыларын шыңдап, оларды еңбек нарығына бейімдеуге, сонымен қатар өңір экономикасының дамуына ықпал етуге бағытталған. Колледж білім алушы сотталғандар үшін бұл — болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашатын маңызды қадам. Жұмыс берушілер өз кезегінде тәжірибелі және білікті мамандар даярлауға, оқу орындарына өндірістік тәжірибе мен білім алуға қатысты өз талаптарын қойып, білім алушылардың жұмысқа дайын болуына үлес қосады. Меморандумға қол қою рәсімі соңында барлық қатысушылар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдіріп, бұл серіктестіктің екі тарап үшін де табысты боларына сенім артты. Қонақтар арасында Атырау облыстық білім басқармасы басшылығының өкілдері, мен кәсіпорын жетекшілері болды. Олар түзету мекемесіндегі білім алушы сотталған азаматшалар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру, оқу процесіне өндіріс пен кәсіпорындардың қажеттіліктерін интеграциялау мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылдады. Мұндай шаралар сотталған азаматшаларды еңбек нарығына дайындауға, кәсіптік білімді дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға маңызды үлес қосады деп атап өтілді.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...