Жұмысқа барамын деп жоғалып кеткен: Павлодарда кәсіпкер өлі табылды

Павлодар полицейлері жұмысқа жеке көлігімен бара жатып жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлімін тергеп жатыр.

Кәсіпкерді іздеу бір күннен аса уақытқа созылған.

«Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Полиция департаменті өкілі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатынын айтты.

Кәсіпкер жоғалып кеткенін полицияға туыстары хабарлаған.

«Ер адамның жеке кәсібі бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес ол серігімен кездесуі керек еді. Кездесу өтті ме, жоқ па, оны анықтау мүмкін болмады», — деді Павлодардың «VITA» іздеу жасағының еріктілері.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.