Астана қаласы әкімдігінің еңбек ұтқырлығы орталығында Астана қаласы «Нұра» ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында сотталғандарды жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік курстар, мемлекеттік гранттар туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуға жолдамалар берілді.


