ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Ақмола облысының құзырлы огандары адам саудасының, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сыбайлас жемқорлық пен діни экстремизмнің алдын алуда түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Өйткені, бұл қылмыстардың қай-қайсысы болсын әлемдік проблемаға айналып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» демекші, аталған қылмыс түрлеріне қарсы іс-қимыл проблемаларын тиімді шешіп, қылмыссыз қоғам орнатуда облыстың құқық қорғау органдары үкіметтік емес ұйымдар, орталықтар, т.б. мемлекеттік мекемелер қызметкерлерімен бірге жұмыла күш жұмсап жатқандарын айтып өткен жөн.

Осы тұста тоқталып өтерлігі, биылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының Адам саудасына қарсы күрес туралы заңы 5 қыркүйекте күшіне енеді. Елімізде тұңғыш қабылданған бұл заңның ерекшелігі онда «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының ықтимал құрбаны», «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері», сондай-ақ, халықаралық тәжірибеде бар «төрт П» тұжырымдамасы, атап айтқанда, серіктестік, алдын алу, қудалау және жәбірленушілерге көмек нормалары қамтылды. Адамды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру, кәмелетке толмағандарды сату немесе оларды жеңіл жүріспен айналысуға тарту, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық, діни экстремизм, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, нашақорлыққа қарсы ымырасыз күресте әлемдік тәжірибенің маңызы зор. Кез келген қылмыстық оқиғаның алдын алуда Ақмола облысы ПД КПБ қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, құзырлы органдар, мысалы, адам саудасының жолын кесуде «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологтарымен және Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының өкілдерімен, т.б. мекемелермен бірлесіп арнайы акция өткізуді дәстүрге айналдырған. Акция аясында теміржол мен автовокзалдарда қоғамдық орындарда, саябақтарда, т.б. жұртшылықты адам саудасының құрбаны болмау, ондай жағдайға тап болғанда қайда бару керектігінен және «жедел желі» телефондарынан хабардар етеді. Ал терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде Ақмола облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік тұрғыдан осал объектілерді жіті бақылауда ұстап, олардың басшылары мен нысан иелеріне сақтық шаралары, яғни, қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету үшін заманауи күзет жабдықтарымен жарақтандыру, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жайлы түсіндіріп, ғимараттардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Бұл мақсатта бейнебақылау жүйелерінің орналасуына, эвакуация схемасына, баспалдақтарға және апаттық шығулардың қолжетімділігіне ерекше назар аударылады. Нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарылып, ескертулер беріледі. Бұған қоса полицейлер облыс педагогтарына техногендік төтенше жағдайлар мен террористік сипаттағы түрлі қауіптер туындаған кездегі іс-қимыл алгоритімімен таныстырып, құқық қорғау органдары мен құтқарушылар келгенге дейінгі әрекет ету шараларын түсіндіреді. Мұндай шаралар өз кезегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Облыстық департамент жұмысының негізгі бағыттарына есірткі қылмысына қарсы әрекет жатады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметі бойынша былтыр полицейлер 251 есірткілік заң бұзушының жолын кессе, жыл басынан бері өңірде 31 есірткі сатушы ұсталған. Солардың бірінен мысал келтірер болсақ, жеңіл жолмен ақша табуды көздеген көкшетаулық мобильді қосымша арқылы наркокурьерлік жұмысқа орналасты. Ол ұйымдастырушының тапсырмасымен психотроптық заты бар жасырын полиэтилен пакетін тарату мақсатында өзінде сақтаған. Іс-әрекетін жүзеге асыру барысында оны полиция қызметкерлері ұстады. Тінту кезінде есірткі сатушыдан а-PvP және мефедрон психотроптық заттары бар 44 түйіншек табылған. Оның қылмыстық әрекеті жиналған заттай дәлелдемелер толық көрсетіліп, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен он жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл бір ғана мысал, тағы да ақпарат көзіне сүйенсек, өткен жылы Ақмола облысында ауыр қылмыс түрлерінің көрсеткіші төмендеген, бұл ішкі істер қызметкерлерінің жедел әрі қырағы қызметін байқатады. Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу болса, ресми мәліметтер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі учаскелік инспекторлардың білікті жұмысының нәтижесінде Ақмола өңірінде аталған қылмыс саны жылдан-жылға кеміп жатқанын растайды. Мәселен, өткен жылы 13,2 пайызға азайған. Облыста зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін онға жуық арнайы орталық жұмыс істейді. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағытында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру, яғни, сыйақы беру жұмыстарын жүйелі түрде іске асырады. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері облыс соттарының әкімшілерімен, өзге де мемлекеттік органдармен семинарлар өткізіп, заңдағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша соңғы өзгерістер мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі міндеттерін талқылайды. Облыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы, «Бизнеске жол», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптасыру, т.б. міндеттер жүйелі жүзеге асырылуда.

Түймегүл ИБАШЕВА, «Заң газеті»

Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде – Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық...

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысында «Жасыл болашақ» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық...

«Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: «ENU BARYSY – 2026» жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына...

Турнир, прославляющий национальный дух: определены победители «ENU BARYSY – 2026»

В Евразийском национальном университете имени Л. Н. Гумилева состоялся...

В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

В Алматы стартовал социальный проект «Социальная мастерская», направленный на...