Журналистер кәсіби қызметі үшін қудаланбайды – Аида Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі БАҚ саласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Human Rights Watch халықаралық ұйымы «Қазақстанда журналистерге қысым көрсетуді тоқтатуға» шақырды. Алайда бұл үндеу нақты жағдайды толық білмеуден туындағаны анық. Соңғы күндері Қазақстанда кейбір қылмыстық істерге халықаралық назар аударту мақсатында «азаптау» туралы негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатыр. Аталған істер бойынша жауапкершілікке тартылғандардың арасында медиа саласының өкілдері де бар. 2022 жылдан бастап елімізде медиа және ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асып келеді. Бұл өзгерістер журналистердің кәсіби мәртебесін көтеруге және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуына бағытталған. Соған қарамастан, кейінгі уақытта ақпараттық кеңістікте журналистер мен БАҚ-қа «жүйелі қысым көрсетіліп жатыр» деген мәлімдемелер жиі айтылуда. Кейбір қылмыстық істердің фигуранттары мен олардың қорғаушылары тергеу барысында азаптау болғаны туралы айып тағып жүр. Осындай дәлелсіз мәлімдемелер қоғамды да, шетелдік құқық қорғау ұйымдарын да жаңсақ пікірге жетелеп отыр, — деп жазды министр.

Оның айтуынша, адам құқықтарының бұзылуы туралы кез келген тұжырым нақты фактілерге, дәлелдерге және заң талаптарына негізделуге тиіс. Эмоцияға немесе қоғам назарын аударуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуі керек.

Мемлекет сөз бостандығы мен БАҚ еркіндігін Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық міндеттемелерде бекітілген негізгі құндылықтар ретінде ұстанады. Дегенмен, сөз еркіндігі заң талаптарын елемеуге немесе жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бермейді. Бұл қағида барлық құқықтық мемлекеттерге ортақ. Журналистердің қызметіне, БАҚ жұмысына немесе нақты қылмыстық істерге қатысты барлық мәселелер заң аясында, процессуалдық нормалар толық сақтала отырып, кінәсіздік презумпциясы мен қорғау құқығы қамтамасыз етіле отырып қаралады. Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды. Тергеу және процессуалдық әрекеттерді сөз бостандығына қысым ретінде көрсету — қоғамдық пікірді әдейі бұрмалау. Бұл істер белгілі бір көзқарастарға немесе редакциялық саясатқа емес, жекелеген азаматтардың нақты құқықтық талаптарына байланысты қаралып жатыр және оларды уәкілетті органдар заң шеңберінде тексеруде, — дейді ол.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шеңберінде журналистердің құқығын қорғауға және істердің әділ әрі ашық сотта қаралуына барлық қажетті жағдай жасауға дайын.

Осы орайда халықаралық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамды тергеу аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырамын. Расталмаған ақпарат тарату мен тергеу органдарына қысым жасау ел ішіндегі тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін. Егер сотта айыптылардың кінәсі дәлелденсе, жасаған әрекеттеріне сай заң алдында тиісті жазасын алары сөзсіз, — деді Аида Балаева.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?