ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада өткен партияның кезектен тыс XXV съезінде саяси бәсекелестеріне сын айтты.

Оның айтуынша, цифрландыру тек жаңа технологияларды енгізумен ғана шектелмеуі керек. Бұл үдеріс мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, биліктің қоғам алдындағы есептілігін күшейтуге қызмет етуі тиіс.

Біз үшін цифрландыру – технологиялар туралы әдемі сөз емес. Бұл – биліктің ашықтығы, мемлекеттік шығыстардың айқындығы, мемлекеттік сатып алудың адал жүргізілуі және әрбір азаматтың шешімдердің қалай қабылданатынын, бюджет қаражатының қайда жұмсалып жатқанын көре алу мүмкіндігі, – деді Мақсұт Насибулов.

Сонымен қатар ол кейбір саяси күштердің цифрлық ашықтық мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейтінін айтты.

Менің субъективті пікірімше, олардың жасыратын дүниесі бар. Себебі алдағы сайлауда барлық партиялардың тізімін ірі бизнес өкілдері бастап тұр, — деді ол.

ЖСДП-ның кезектен тыс XXV съезі 8 шілдеде Астанада өтіп жатыр. Делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітуде.

КАРЬЕРНЫЙ РОСТ НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ: ПРИНЦИП МЕРИТОКРАТИИ

Одним из ключевых принципов государственной службы является меритократия, то...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МАНСАПТЫҚ ӨСУ: МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ

Мемлекеттік қызметтегі басты қағидаттардың бірі – меритократия, яғни қызметтік...

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов. Председателем...

Қазақстан Түркі елдері тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді. Алдағы...