ШҚО Жарма ауданы аумағында 15.01.2022 жылыдан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
15.01.2022 жылы бастау алған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінен бастап Жарма АПБ ЖПҚ УПИ мен бірлескен Жарма аудандық №1 Пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды аула бойынша тексеріс жүргізілуде. Бұл жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты болып қоғамнан оқшауланбаған жаза тағайындалған Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қайта құқық бұзушылық және қылмыс жасауларына жол бермеу, олардың алдын-алу, жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жарма аудандық № 1 ПҚ есебінде тұрған сотталғандармен жеке дара әңгімелесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Әр сотталғанға өздерінің құқықтары мен міндеттері толыққанды, түбегейлі түрде қайталап түсіндірілді.
ШҚО бойынша ҚАЖД
Жарма аудандық № 1 ПҚБ бастығы
әділет майоры А.Т.Ансабаев