12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жолдаудағы жаңашылдықтар жаңа кезеңге жол ашады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын жолдады. Онда республикамызды кешенді түрде дамыту бағытында бірқатар бастамалар көтеріп, олардың орындалуын қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар берді.
Жолдауда Президент өкілеттіктерін азайту, Парламент палаталары мен Мәслихаттардың рөлін арттыру, сондай-ақ, сайлау тәртібін жетілдіру, партиялық жүйені дамытып, сайлауды ұйымдастыруға жаңашылдықтар енгізу мәселелері жан-жақты қозғалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот пен құқық қорғау органдарының жұмысын жандандырып, азаматтар құқықтарының әділ қорғалуына, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен азаматтық қоғамдастықты күшейтуге, әкімшілік-аумақтық құрылымдарды заманға сай жетілдіріп, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, дағдарысты болдырмау шараларына баса назар аудартып, бұл тұрғыдағы ұсыныстарымен бөлісті.
Басты жаңалық елімізде Конституциялық сот құрылады. Осы сотқа Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкіл жүгіне алады. Мұндай жаңашылдықтар азаматтар құқықтарының қорғалуын одан әрі жақсартары анық. Бұған қоса Президент құқық қорғау мәселелерін одан әрі жетілдіру мақсатында өлім жазасына біржола тыйым салу үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізуді, сондай-ақ, азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу құзыретін Бас прокуратураға беруді ұсынды.
Заң үстемдігін қамтамасыз етуде соттардың орны бөлек. Сондықтан, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі соттар тәуелсіз ашық және кәсіби болғанда ғана діттеген мақсатқа жететінімізді тағы бір нықтады. Бүгінде сот саласына кадрларды іріктеу жариялы түрде жүргізіледі. Осы игі істі одан әрі жетілдіру үшін Жоғары Сот кеңесіне конкурстық шараларды онлайн түрде өткізіп, олардың қорытындыларымен жұртшылықты хабардар етіп отыру тапсырмасы жүктелді.
Алдағы уақытта ақабилердің қатысуымен қаралатын істер  санаты кеңейтіледі. Бұл жаңашылдық сот жүйесіне деген сенімнің нығаюына өз әсерін тигізеді. 
Жолдауда айтылғандай, басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу, өз кезегінде елдегі билік институттарының тепе-теңдігін сақтап қана қоймай, мемлекетіміздің тұрақты дамуын орнықтырады. Парламент рөлінің күшеюі «халық үніне құлақ асатын мемлекетке» жол ашары хақ.
Жолдауда межеленген міндеттерді жүзеге асыру үшін алдағы уақытта Конституцияға өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар қабылданады. Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау – едәуір уақыт алатын күрделі жұмыс. Сондықтан, оған аса жауапкершілікпен қараған жөн. Сондай-ақ, ішкі-сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз керек» деді.
Жолдаудағы жаңашылдықтар қоғамдағы келеңсіздіктерді жоюға бетбұрыс жасайды. Осы себепті, Президент бастамалары мен ұсыныстар ел болашағы мен ұрпақ тағдырын ойлаудың айқын көрінісі деуге толық негіз бар.
 Дінасыл Жанатқызы,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...