12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жолдау жүктеген міндеттер сот саласын дамытуда

Тәуелсіздік алған жылдардан  бастап елімізде сот саласы қарқынды даму үстінде. Елімізбен бірге өсіп, өркендеп, дамып келе жатқан саланың отыз жылдан астам уақыт ішінде заманға сай жаңарып, жаңғырып, дамып келеді. Сот саласының дамуы тіпті әлемдік пандемия карантин кезінде де тоқтамады. Керсінше сала уақыт сұранысына сай бейімделіп, онлайн сот отырыстарын өткізіп жаңғыра түсті. Мұның барлығы Ел Президентінің тапсырмасына сай жүйенің дер кезінде дамып отыруының нәтижесі дей аламыз.

лғашқы жылдары мемлекет басшылығының қадағалауымен дамудың даңғыл жолына түскен сот саласы кейін президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауымен уақыт ағымына сай бейімделе білді. Жыл сайын мемлекет басшысының жолдауынан да сот саласының дамуы, негізгі мәселелері, алдағы уақытта заман талабына сай енгізілетін өзгерістері қалыс қалған емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, яғни сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалауды, соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Нәтижесінде соңғы бір-екі жыл көлемінде салада көптеген оң өзгерістер орын алды. Сондай-ақ сот шешімдерін мұқият саралауды, дауларда бірыңғай сот тәжірибесінің қамтамасыз етілуін, әкімшілік сот төрелігін енгізуді, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстардың азаматтардың пайдасына қарастырылуы керектігін тілге тиек етті. Осыдан соң, елімізде сот шешімдері мазмұны жағынан оқылуға оңай, жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылуы қолға алынды. Заң терминдері өте көп екенін ескерсек, кәсіби терминдердің көп жағдайда қарапайым азаматтарға ұғынықты тілде бола бермейтінінен де сот шешімін халыққа түсіндіріп берудің, оның қарапайым жазылуының маңызы зор екенін байқаймыз. Ал жолдауда көтерілген мәселелер артынша шешімін тауып, сот шешімдерінің сапасына оң ықпал етті. Бұрын судья үкімді жариялап болған соң, дереу сот залынан шығып жүре беретін. Сотқа қатысушыларға ештеңені ашып түсіндіре бермейтіндіктен, халық тарапынан наразылық көп сезілетін. Көп сұраққа жауап таппай, үйге қайтқандар кейін қайтадан құқық қорғау орындарына шағымданып, сот істерінің көбеюіне ықпал ететін. Өз кезегінде жолдауда айтылып, кейін Жоғарғы сот тарапынан қолдау тапқан мәселе халық пен сот арасын жақындатып, көпшіліктің сот орындарына деген сенімін нығайта түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот саласына қатысты: «Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмыл­дыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады. Сот жүйесі ешкімге есік ашпайтын меңіреу мекемеге айналмауға тиіс. Жоғары сот кеңесі мен Жоғарғы сот жаңа кәсіпқой кадрларды сот төрелігін жүзеге асыруға тарту жұмысын белсенді жүргізгені жөн. Сот жүйесі салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік, корпоративтік құқық саласының мамандарына зәру болып отыр. Судьяларды іріктеу бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүргі­зілуге тиіс. Үміткердің қандай еңбегі арқылы жұмысқа қабылданғанын жұрт­шылық біліп отыруы тиіс. Дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажет. Бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға ке­луге жол ашады. Дамыған елдерде мұн­дай институттар өзін-өзі таныта білуде. Он жылдай уақыт бұрын біз «Ме­диа­ция туралы» заң қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мем­лекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек», – деді.

Артынша судьяларға артылар жауапкершілік күшейіп, талап та арта түсті. Судьяларды іріктеуге де ерекше мән берілді. Дау-дамайларды сотсыз шешу жолға қойылып, медиация арқылы шешімін табатын істер саны арта түсті. Айта берсек салада атқарылып жатқан шаралар қыруар. Мұның барлығы Президент нұсқауымен саланың дұрыс бағытта дамып келе жатқанын аңғартады.

Абенова Жанат Тлеубаевна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...