12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жолдау жүктеген міндеттер сот саласын дамытуға ықпал етуде

Өткен жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын халыққа ұсынған болатын. Содан бері Жолдауда қамтылған өзекті мәселелердің шешілуі үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Реформалар жасалуда. Алайда Жолдауда аталып өткендей «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы» екенін ескерсек ол өзгерістердің тектен текке жасалып жатпағанын түсінеміз. 

Осы орайда айта кетер жайт, Президент өз Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, яғни сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалауды, соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Қазір осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Жалпы сот саласы қоғамның дамуына дер кезінде өз үлесін қосып, заман сұранысына сай тез бейімделіп келе жатқан салалардың бірі.Соның айғағы «Рухани жаңғыруда» аталып өткендей ата баба жолы медиацияның қанатын кең жаюы болса, бүгінде цифрландыру тапсырмасына сай саланың заманауи ақпараттық құралдармен, сандық технологиямен жабдықталуы болып отыр. Сондықтан Жолдауда аталып өткен мәселелердің  салада тез жүзеге асарына күмән жоқ.

Сондай-ақ, сот шешімдерін мұқият саралауды, дауларда бірыңғай сот тәжірибесінің қамтамасыз етілуін, әкімшілік сот төрелігін енгізуді, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстардың азаматтардың пайдасына қарастырылуы керектігін Президент тілге тиек етті. Аса ауыр қылмыстардың да көбейіп кеткенін атап өткен мемлекет басшысы жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін айтып, бұл мәселеге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл халықтың да қалауы болатын. Өйткені қоғамның ең әлсіз мүшелері балаларға қатысты қылмыстардың көбеюі халықтың да наразылығын туғызған болатын. «Біз шамадан тыс шараларға жүгінуден және қатал жазалау сынды тәжірибеден алшақ кеттік. Бірақ елімізде жасалып жатқан көптеген ауыр қылмыстар бар. Біз ізгілік дегенге көп мән беріп кеттік. Қайткенмен де зорлық-зомбылыққа, педофилияға, балаларға, адамға қарсы қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажет. Бұл менің үкіметке берген жеке тапсырмам. Браконьерлердің проблемасы бар, олардың қолында қару бар, қауіпті және адамдар мен табиғатқа проблема туғызады. Мұның бәрі осы мәселеге құқық қорғау органдарының көз жұма қарауының кесірінен орын алды. Браконьерлікпен айналысатындарға қатысты жазаны қатайту қажет» деген Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес қазір түрлі шаралар жасалып жатыр. Ең бастысы қоғамдағы күрделі мәселелердің ел басшысының назарынан тыс қалмауы. Сондықтан Жолдауда аталып өткен мәселелердің өз шешімін табарына сенім мол!

Қалима Дуанбекова, Алматы каласы Әуезов аудандык сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...