Жол-көлік оқиғасын Еурохаттама арқылы ресімдеу

Көліктегі, жол шаруашылығындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының міндеттері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының салдарын жою болып табылады.

Жол жүрісінің қауіпсіздігі – ол қатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың дене саулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі танылады.

Көліктегі құқық бұзушылық негізінен қасақана және едәуір қауіпті болып табылады, ауыр нәтижелердің болуына әкеп соғуы мүмкін және тек қана құқық бұзушының емес, басқа да адамдардың да өмірімен денсаулығына шынайы қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан осы санаттағы істер оларды қарау кезінде айтарлықтай жауапты ұстанымды қажет етеді.

Көліктегі, жол шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай — ӘҚБтК) 30-тарауының (барлығы 75 бап) 559-635-баптарында көзделген. Осы баптардың көбі бланкетті болып табылады, ол әртүрлі мән-жайларда жасалған Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді. Көрсетілген 75 құқық бұзушылық құрамының 16 соттың қарауына жатады. Атап айтқанда, 563-бап (2-бөлігі), 564-бап (5-бөлігі), 569-бап (1, 2 және 4-бөлігі), 590-бап (2-1, 4, 4-1-бөлігі), 596-бап (3-бөлігі), 603-бап (1 және 2-бөлігі), 606-бап (2-бөлігі), 607-бап (2-бөлігі), 608, 610-баптары, 611-бап (2 және 3-бөлігі), 612-бап (3, 4-1-бөлігі), 613-бап (1, 3, 3-1, 4, 5, 9, 10 және 11-бөлігі), 615-бап (2-бөлігі), 618-бап, 621-бап (3-бөлігі).

Осы тарау бойынша қалған құқық бұзушылық құрамдарын ішкі істер органдары, әскери полиция, мемлекетті ккірістер, көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ ауылшаруашылық техниканы тіркеу жөніндегі уәкілетті органдар қарайды.

Осы көлік құқық бұзушылықтары аса кең таралған сипатқа ие және соттар қарап жатқан істердің басым бөлігін құрайды. Осыған байланысты, іс материалдарын мұқият зерттеп, нәтижесінде оларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес дұрыс шешу қажет.

Көрсетілген санаттағы істердің саны ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен қаралған.

Осы баптың 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективті жағы жол жүрісі қағидаларын бұзатын заңсыз әрекеттерден көрінеді, нәтижесінде:

1) көлiк құралдарына, жүктерге, жолдарға, жолдағы және басқа да құрылысжайларға материалдық залал келтірілген;

2) материалдық залал келтірген өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген кезде.

ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға (20АЕК х 3 692= 73 840 теңге) немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.  

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығымен жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді бекітті.

Негізі, жол жүрісі қағидасы бұрынғы қалыпта.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасын ресімдеу тәртібі бойынша маңызды өзгеріс енгізілді.

Атап, айтқанда, мардымсыз жол-көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.

Еурохаттама,  егер:

  1. ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
  2. ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
  3. ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
  4. ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
  5. келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап (100АЕК х 3 692 = 369 200 теңге), қолданылады.
  6. ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады, https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ipgf.europrotocol.android мекенжайлары бойынша App Store және Google Playжүктеуге болады.

Маңызды: ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.

ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.

«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет

Аталған маңызды жаңалық уақытты үнемдейді және көптеген елде қолданылады, алайда, ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен жыл басынан түскен істердің санына қарай, бұл өзгеріс Ақтөбе облысында кең қолданылады деп айтуға келмейді, оны екі жүргізушінің келірілген материалдық залал бойынша ортақ шешімге келмеуімен байланыстырамыз.  

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының

әкімшілік  құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы  А.М.Бисеналина

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...