Жол азабын жүрген білер

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында: «негізгі дәліздер аясында автомобиль жолдарын дамытуға баса мән берген жөн. Қазір елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Жол салған кезде транзиттік дәліздердің мән-маңызына баса көңіл аударған жөн. «Сексеуіл-Бейнеу» жолының құрылысын тездету керек. Осы жолдың арқасында Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімінің үштен бірі қысқарады», – деген еді. Ал биыл 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Жаңа экономикалық үлгіге көшу барысында көлік логистикасын дамытуға жете мән беру қажет. Бұл – аса маңызды стратегиялық міндет. Қазақстанның Еуразия құрлығындағы бірегей орнын тиімді пайдаланбасақ, бұл халқымыз кешірмейтін стратегиялық олқылық болуы мүмкін. Сондықтан бұл міндеттің мән-мағынасы ерекше», – дей келіп автокөлік тасымалын дамыту туралы айтқанда, ең алдымен, жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуға тиіс деді.

Көлік министрлігінің мəліметі бойынша, Қазақстанда қазір 95 мың шақырым автомобиль жолы бар. Оның 25 мыңы республикалық, 70 мыңы облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдар. Былтыр 13 мың шақырым автомобиль жолдарында түрлі жұмыстар жүргізіліп, республикалық желідегі 3 мың, жергілікті желідегі 3 мың шақырымы аяқталды. Соның нəтижесінде нормативтік стандарттарға сай Көлік министрлігіне қарайтын республикалық жолдардың үлесі 94 пайызға, жергілікті органдарға қарайтын облыстық жəне аудандық жолдардың үлесі 91 пайызға жеткізілді. Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 8,9 мың шақырымы, жергілікті жолдардың 2,3 мың шақырымы құрылыс, реконструкция жəне жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Жыл соңына дейін 3,5 мың шақырым жолдағы жаңа құрылыс жəне қайта жаңарту нысандары, 2 мың шақырым республикалық маңызы бар жолда орташа жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның нəтижесінде республикалық жолдардың 95 пайызы, жергілікті жолдардың 92 пайызы нормативтік стандарттарға сай болмақ. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың алқа отырысындағы сөзіне қарағанда, биыл Қызылорда – Жезқазған (Қызылорда облысы аумағындағы), Қалбатау – Майқапшағай жəне Ұзынағаш – Отар жобалары аяқталды. Құрылыс жəне қайта жаңартуда Қызылорда – Ақтөбе бағыты бойынша жолды төрт жолақты етіп кеңейте отырып қайта жаңарту жұмыстары басталады. Қарағанды – Жезқазған жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме бекітіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары екінші жартыжылдықта басталмақ. Сондай-ақ ұзындығы 559 шақырым болатын Бейнеу – Сексеуіл жобасы басталады. Ол тасымал қашықтығын 900 шақырымға қысқартып, жол жүру уақытын үш тəулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек ұзындығы 102 шақырым болатын Сарыағаш қаласының айналма жолы жобасы бойынша отандық компаниялар арасынан мердігер ұйымдар анықталған. Елімізде бүгінгі таңда 7 халықаралық автокөлік дəлізі бар. Орталық Азия ғана емес, күллі Еуразияның логисткалық хабына айналуды алдына мақсат етіп қойып отырған Қазақстан үшін автокөлік жолдары сапасының халықаралық нормативтік стандарттарға сəйкестігін қамтамасыз ету кезек күттірмейтін ең маңызды мəселе деуге болады. Өйткені еліміздің транзиттік əлеуетін арттыруда автокөлік жолдарының да маңызы өте зор. Оның, əсіресе өңірлік жəне халықаралық жүк пен жолаушы тасымалын дамытуға əсері орасан. Өйткені көлік қатынасы дұрыс жолға қойылатын болса, ішкі жəне сыртқы сауда-саттық ұлғайып, өндіріс кеңейіп, туризм мен өңдеу өнеркəсібінің қарыштап дамуына қолайлы жағдай қалыптасады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...