12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті қатаңдату қажет — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берілді. Ведомство басшысының айтуынша, қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген. Соның ішінде, денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайған.

Министр қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен серіктестік орнату арқылы шешуге негізделген полицияның сервистік моделінің енгізілу барысымен танысты.

Марат Ахметжанов Президентке Ішкі істер министрлігінің қызметін бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс үдерісін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру жөнінде баяндады.

Бұдан бөлек, ол үдерістерді жедел басқару үшін Big Data талдау құралдарын пайдалана отырып, криминогендік жағдайды мониторингтеу үшін ІІМ-нің Ахуалдық сараптама орталығының құрылғаны жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жол жүру ережелерін қасақана бұзғандарды анықтауға бағытталған «Қорғау» деп аталатын жаңа бағдарлама таныстырылды. Министр Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бағдарламаны қолдану арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы айтты.

Сондай-ақ, Президентке Қауіпсіздік мәселелерін азаматтық қоғаммен серіктестік орнату арқылы қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу, елімізде азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Осы ретте Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін ерекше атап өтті.

Тень Эпштейна в зеркале власти

НА ФОНЕ ПУБЛИКАЦИИ ТАК НАЗЫВАЕМЫХ «ФАЙЛОВ ЭПШТЕЙНА» ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА...

Мұғалімдерге жаңа талап: ЖИ факультеттері ашылады 

Аида Балаеваның пікірінше, басты назарды балаларға аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру – басты міндет.

Щучинскіде кафеде жарылыс болып, 7 адам қаза тапты 

Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, өрт шықты.

2025 жылы әлемде 8 мыңнан астам мигрант қайтыс болды – БҰҰ 

2025 жылы Жерорта теңізі мен Африка мүйізі сияқты қауіпті көші-қон бағыттарында шамамен 8 мың адам қаза тапты немесе жоғалып кетті.

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады 

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.