Жоғарғы соттың судьясы Талғат Ибрашев қызметінен кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жоғарғы соттың судьясы Талғат Ибрашев қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Александр Шип Талғат Ибрашевті лауазымынан босатуды ұсынды.

«Талғат Әулиеханұлы Ибрашев Қазақстан президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Құрметті депутаттар, мемлекет басшысы Жоғарғы соттың судьясы Талғат Әулиеханұлы Ибрашевті басқа лауазымға тағайындалуына байланысты қызметтен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймын», — деді ол.

Депутат Нұрлан Бекзанаров бұл мәселе бойынша комиттеттің қорытындысын жариялады.

«Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі, құқық қорғау органдары комитеті өзінің кеңейтілген отырысында Қазақстан президентінің Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Қазақстан президентінің ұсынымы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, Қазақстан Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 2-бабына, Қазақстан сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына, 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес комитет Парламент Сенатына Талғат Әулиеханұлы Ибрашевті басқа қызметке тағауындауына байланысты Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады», — деді комитет төрағасы.

Сенат депутаттары ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.