Жоғалған заттарды тапқан қазақстандықтар жазаға тартылатыны рас па?

Желіде енді Қазақстанда жоғалған заттарды тапқандарды жазаға тартуға болатыны туралы ақпарат тарады. Тараған ақпаратта жоғалған ақшаны тапқан адамға «ұрлық» бабы бойынша айып тағылуы мүмкін екені айтылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарламада көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған адам жағдай қайда және қалай болғанын видеоға түсіруі керек екені, содан кейін полицияға хабарласып, оның келуін күтуі керек екені жазылған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа пікір білдірді.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» қолданыстағы нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен мүлікті иеленіп алуды бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарауға болмайды. Осыған орай таралған ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп жазылған ведомствоның ресми жауабында.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.