12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жоғары білім туралы жаңа форматтағы Қазақстан дипломдары Ресейде мойындалмайды

Қазақстанда білім алған жас мамандардың ата-аналары жоғары білім туралы жаңа форматтағы дипломдардың Ресейде мойындалмайтынын айтып шағымданды. Сөздерінше, 2021 жылдан бастап беріле басталған дипломдар көрші елдің стандартына сай келмейді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

2021 жылдан бастап жоғарғы оқу орындары бірыңғай мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгі бойынша жасалған дипломдар бере бастаған. Министрлікте мұндай шараның университеттер арасындағы бәсекені дамытып, маман дайындау сапасын арттыратынын айтқан. Алайда кейін жаңа форматтағы дипломдардың Ресейде жарамсыз екені анықталған. Салдарынан түлектер көрші елде жұмыс істеп немесе екінші жоғары білім ала алмайды. 

Бұл ақпаратты ресейлік профессорлар да растады. Енді қазақстандық түлектер аккредитация үшін емтихан тапсыруы керек. 

«Лицензия тек мемлекеттік үлгідегі дипломдарға әсер етеді. Стандарт өзгергендіктен, бізде мойындалмайды», – деді ресейлік профессор Артем Козлов. 

Ал министрліктер арада түсінпеушілік болғанына сенімді. Себебі жеке үлгідегі дипломдар бұған дейін берілген мемлекеттік үлгімен бірдей екен. Тек сыртқы қаптаманың түсі мен формасы ғана өзгерген.Ал студенттер оқитын бағдарлама толық тексерістен өткен. 

«ТМД елдері арасында Еурзаиялық экономикалық одақ туралы келісім бар. Мұнда мемлекеттік үлгідегі құжаттар мойындалады. Біздегі заңда жеке үлгі туралы заң қарастырылғандықтан, олардың мәні бірдей, яғни автоматты түрде мойындалуы керек», – деп мәлімдеді Жоғары ғылым министрлігі департаментінің директоры Бану Нарбекова. 

Түсініспеушіліктің алдын алу үшін қазақстандық сарапшылар биыл конференция өткізбекші.

Тілге құрмет – елге құрмет!

         Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі...

Есептегі азаматтар мұражайға экскурсия жасады

Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарды қалалық мұражайға...

Сырым Иткулов: Казахстан реально заходит в прайм-эруНенуаче

Тут пошел флешмоб, что Казахстан реально заходит в прайм-эруНенуаче,...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...