12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жоғарғы Соттың алқа төрағалары тағайындалды

Мемле­кет басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығына сәй­кес Нұрсерік Шәріпов Жо­ғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы­ның төрағасы болып тағайындалды.
Нұрсерік Кә­рімұлы Шәріпов 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарды.
1992 жылы ҚР Президенті аппаратының азаматтық және рақымшылық жөніндегі бөлімінің аға референті, 1995 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданының халық сотының судьясы болып сайланды.
1996–2007 жылдары Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы, 2007 жылы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы қызметін абыроймен атқарды. Бұдан кейін Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болды.
2012–2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болған Нұрсерік Кәрімұлының еңбек жолы ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығынан кейін, Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметіне жалғасты. 2021 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болды.
Қызметтегі үздік нәтиже, үлгілі істерінің арқасында «Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін», «Құрмет» ордені мен және тағы басқа мерекелік медальдармен марапатталған.
Үлкен тәжірибе мектебінен өткен Нұрсерік Кәрімұлының Жоғарғы Соттың азаматтық алқасын абыроймен басқаратыны күмәнсіз.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы Жарлы­ғына сәйкес Аслан Тукиев Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төр­ағасы болып таға­йын­далды.
Аслан Сұлтанұлы Тукиев 1979 жылы Қарағанды облысында дү­ниеге келген. 2000 жылы Қарағанды Заң институтын бітіргеннен кейін Түркияда, Германия­да, Франция мен Латвияда ғылыми та­ғылымдамадан өткен. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Алғашқы еңбек жолын Қарағанды қаласының ІІБ полициясының учаскелік инспекторы және тергеушісі болып бастаған Аслан Сұлтанұлы одан кейін ҚР ІІМ Қарағанды Заң институтының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, Қарағанды Академиясының зерттеу орталығының басшысы болып қызмет атқарды.
2012 жылы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары, Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры; «Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры; Заңнама институтының директоры қызметін мінсіз атқарды.
2019 жылы Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болған А.Тукиев 2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болды.
Аслан Сұлтанұлы ғылым саласында да үлкен ізденістер жасады. Отыздан астам заң жобасын әзірлеуге, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын сараптауға қатысты. Саладағы нәтижелі жұмысына орай «Мінсіз қызметі үшін» және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған Аслан Сұлтанұлының жаңа қызметті де жоғары деңгейде атқарарына сенім мол.
Жоғарғы Соттың алқа төрағаларына сәттілік тілейміз!

Редакция ұжымы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...