Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының ұсынысымен Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты. Бұл туралы Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат шешімі бойынша, Асқаржан Кенжеғарин, Ғазиза Мұсабекова және Бейбіт Шармухаметов судьялық қызметтен босатылды. Малаховтың айтуынша, Кенжеғарин мен Мұсабекова өз өтініштері бойынша, яғни зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен.

«Екі судьяның да 30 жылдан аса сот тәжірибесі бар. Асқаржан Қапезұлы сегіз жылдан аса уақыт бойы Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметін атқарды және Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді. Ғазиза Шәмшитденқызы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасын басқарды және он жылдан аса уақыт бойы Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді», — деді Малахов.

Тағы бір судья Бейбіт Шармухаметов зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды. Оның сот жүйесіндегі еңбек өтілі шамамен 26 жыл болады, 19 жылдан аса Жоғарғы сотта жұмыс істеген.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы барлық судьяның кәсіби беделі жоғары екенін атап өтіп, Сенат депутаттарынан Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауды сұрады. Нәтижесінде депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.