Жириновский қайтыс болды

Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин саясаткер Владимир Жириновскийдің қайтыс болғанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Пятый канал» сайтына сілтеме жасап.

«Ауыр және ұзаққа созылған аурудан Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды», — деп жазды Володин Telegram-арнасына.

Ақпанның басында Ресей Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) басшысы Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер саясаткерге өкпесінің 75 пайызы зақымданған деген диагноз қойған. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлап, ауыр деп бағаланды. Ол жасанды тыныс алу аппартына қосылған.

Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Қазақстанның Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетін түрік тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Марксизм-ленинизм университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқыған.

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...