ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде? 

Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жасанды интеллектіні қолдана отырып, интеллектуалды көлік шешімдерін жүйелі түрде енгізу жалғасуда. ҚР Көлік министрлігі хабарлағандай, жол инфрақұрылымын цифрландыру апаттылықты азайтуға және жүргізушілердің тәртібін арттыруға бағытталған. Толығырақ BAQ.KZ материалында.

Бұл жұмыстың негізгі элементі — орташа жылдамдықты бақылау жүйесі. Ол қазірдің өзінде жалпы ұзындығы шамамен 2 мың шақырымды құрайтын ең қарқынды ақылы учаскелерде жұмыс істеп тұр. Республикалық желінің сегіз учаскесі деректерді талдауға негізделген автоматтандырылған бақылаумен қамтылған.

Жүйенің жұмыс принципі адам факторын толығымен жоққа шығарады. Автокөліктің бақыланатын сегментке кірген және шыққан уақыты тіркеледі, содан кейін қозғалыстың орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеледі. Белгіленген шектен асқан жағдайда заң бұзушылық тіркеліп, материалдарды әрі қарай өңдеу және ресімдеу үшін автоматты режимде Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне жіберіледі, — деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.

Ведомство мұндай шешімдерді енгізу қажеттілігі жол-көлік оқиғаларының құрылымына байланысты екенін атап өтті.

Ресми статистикаға сәйкес, республикалық жолдардағы апаттардың 45%-ы — көліктердің соқтығысуынан болады. Оның басты себептерінің біріне — оқиғалардың 30%-ы жылдамдықты асыру жатады.

Цифрлық бақылауды енгізудің оң нәтижесі қазірдің өзінде байқалуда. Министрлік деректері бойынша, бақылау орнатылған учаскелерде 260 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға азайған.

Жүйені кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 3 мың шақырым болатын қосымша 18 учаскеге енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін жабдықтарды баптау, әртүрлі жылдамдық режимдері бар аймақтарды ескере отырып арақашықтықты өлшеу бойынша техникалық жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ орташа жылдамдықты есептеу әдістемесі жаңартылды. Бұл жүйені республикалық жол желісінің кез келген учаскесінде қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетті қоса алғанда, мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграциялау жүзеге асырылуда. Бұл өлшеулердің дәлдігін, заң бұзушылықтарды тіркеудің заңдылығын және оларды әрі қарай өңдеудің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Жұмыстың тағы бір бағыты — күрделі ауа райы жағдайында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жаңа технологияларды енгізу.

ҚР ІІМ мәліметінше, «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыруды орнату бойынша эксперименттік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Қарағанды – Балқаш учаскесінде Қазақстанда алғаш рет төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесі енгізілді. 7 аркаға 11 лазер орнатылып, олар жүргізушілер үшін визуалды бағыт-бағдар қалыптастырады.

Жобаның мақсаты — боран, тұман және көріну шектелген жағдайларда жүргізушілердің жолды көру мүмкіндігі мен бағыт алуын жақсарту, рөлде ұйықтап қалу қаупін азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, — делінген ІІМ хабарламасында.

Осылайша, жасанды интеллектіні, автоматтандырылған бақылау жүйелерін және жарықтандырудағы эксперименттік шешімдерді енгізу жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кешенді тәсіл қалыптастырады.

Көлік министрлігі мен ІІМ технологияға сенім арту тек заң бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, олардың алдын алуға, республикалық жолдардағы апаттылықтың жалпы деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.