Жезқазғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады

Жезқазған әкімдігі қалада апатты үйлердің көптігіне байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер қалада 24 апатты үй бар екенін хабарлады. Олар кез келген уақытта құлауы мүмкін. Сондықтан әкімдік осы үйлердің тұрғындарын көшіріп, оларға өтемақы төлеуді жоспарлап отыр.

«Бұл тізімде Абай көшесіндегі №53, 55, 57, 59, 63, 69 үй, Байқоңыров көшесіндегі №22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50 үй, Омаров көшесіндегі №30, Некрасов көшесіндегі №13, Мир көшесі бойындағы №3, Алашахан көшесіндегі №24 (4-кіреберіс), Жеңіс көшесі бойынша №11, Шевченко көшесінде №23 (1-кіреберіс), Железнодорожная көшесіндегі №19 үй бар. Сондықтан біз апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру бағдарламасын іске асыру үшін нормативтік құжат әзірледік. Ол «Ашық НҚА» сайтында қабылданып, жарияланды, — деп хабарлады Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Аталған апатты үйлер бұзылып, тұрғындар 2025 жылға дейін көшіріледі.

Бұл бағыттағы жұмыс 2020 жылы басталған. Ол кезде тоғыз апатты үйдің тұрғындары көшірілген болатын. 55 пәтердің иесіне жалпы сомасы 245 миллион теңге өтемақы төленді.

«Биыл осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Қала бюджетінде 24 үйдің (259 отбасы) тұрғындарына өтемақы төлеуге 1,5 миллиард теңге қарастырылған», — деп толықтырды әкімдіктегілер.

Союз судей играет важную роль в судебной работе

Союз судей Казахстана на протяжении трех десятилетий играет важную...

Романтические мошенники

НЕКОТОРЫМ ЧИТАТЕЛЯМ НАВЕРНЯКА ЗНАКОМА СХЕМА, ВОЗМОЖНО ПРОЖИТАЯ НА СОБСТВЕННОМ...

Господдержка как драйвер развития 

Казахстанская отрасль железнодорожного машиностроения переживает период стремительного подъема. На...

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...