ЖЕТІСУЛЫҚ ЖАСТАР ЖАҢА ФОРМАТТА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Жетісу облысы жастарының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Игі істер» марафоны аясында «Жинаquest» атты экологиялық квест ойыны өтті.

Шараға белсенді жастар, эковолонтерлер, қала тұрғындары мен қонақтарынан жасақталған командалар қатысты.Жаңашыл форматтағы шараның мақсатыжастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Тазалыққа бағытталған ойын Талдықорған қаласының аумағында 5 локация бойынша өтті. Қатысушылар белгіленген аумақты қоқыстан тазалаумен қатар, шапшаңдық пен ұтқырлықтан да бәсекеге түсті. Сонымен қатар, ойын барысында танымдық сұрақтарға жауап беріп түрлі кедергілерден өтті. Викториналық сұрақтар Жетісу өңірінің тарихы, табиғи маңызды орындары мен киелі жерлері туралы қойылды.

«Жетісу жастары» КММ директоры, облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Ақболатов: «Тазалық шараларын үйреншікті сенбілік сияқты емес, жаңа форматта өткізу жастардың қызығушылығын арттырып, оларды табиғатты қорғауға жұмыла кірісуге үндейтіні анық. Осы арқылы жаңа буын өкідері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», деп пікірін білдірді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 160 мыңнан адам атсалысты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1183 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 6337 тонна қоқыс шығарылып, 2226 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...