Жетісу облысының ҚАЖ мекемесінде мониторинг өтті

ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының өкілдері Жетісу облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Нұхаевпен бірлесіп, Жетісу облыстық фтизиопульмонология орталығы және №1 Талдықорған қалалық ауруханасы өкілдерінің қатысуымен Талдықорған қалалық тергеу изоляторында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №71 мекемесінде мониторингтік сапар бағдарламасы аясында, туберкулезге қарсы шараларға арналған.

«Жұмыс барысында мекеменің медициналық бөлігі және жабдықтары тексеріліп, туберкулез ауруларының қауіпін анықтау және жою бойынша ұсыныстар бердік»,- деп атап өтті прокурордың аға көмекшісі Қанат Нұрхаев.

Одан басқа, ҚАЖ қызметкерлері мен мекемеде ұсталатын адамдар арасында туберкулездің алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРУДЕ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының екі жылжымалы медициналық кешені осы...

«Тәуелділік – үкім емес»: Алматы облысында тәуелділіктен арылуға қалай көмектеседі?

Наркотикалық және алкогольдік тәуелділік – адамның денсаулығына ғана емес,...