Жетісу облысының Алмалы ауылында жаңа мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен спорт кешені салынады

Қаратал ауданының Алмалы ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан салынады. Атап айтқанда, мәдениет үйі, блокты-модульді дәрігерлік амбулатория және спорт кешені бой көтермек. Бұл туралы бүгін Қаратал ауданына барған жұмыс сапарында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бәйшегір ауылдық округінде 1200 адам тұрса, округ орталығы Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын бар. Ауылдағы ескі мәдениет үйі 2000 жылдан бері қолдануға жарамсыз күйде тұрған болатын. Бұл тозығы жеткен нысан сүріліп, ауылда халықтың өтініші негізінде биылғы жылы блокты-модульды конструкциядан мәдениет үйі тұрғызыла бастады. Енді ауыл тұрғындары мәдени іс-шаралар өткізуге, ал балалар мен жастар түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Бейбіт Исабаев ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында мәдениет үйінің құрылысы келесі жылы жазда аяқталатынын айтты.

Сонымен қатар ауылдық аурухананың жанынан бір ауысымда 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амулатория бой көтереді. Қазіргі кезде конкурстың қорытындысы шығып, құрылысын жүргізетін мердігер ұйым анықталды.

Жаңа дәрігерлік амбулаторияның салынатынын ауылдық аурухананың мамандары қуана құптаған:

— Елді мекендегі ауылдық аурухананың ғимараты 1980 жылы салынған.  Оған тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Ғимараттың өзі ескіріп, материалдық-техникалық базасы тоза бастағандықтан, жанынан жаңа стационар дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданғанын естіп қуандық. Енді қазіргі аурухана ғимараты стационар ретінде, ал жаңа нысан ауылдық емхана ретінде қолданылады. Қазір ауруханада 14 медициналық персонал жұмыс істейді, — дейді Алмалы ауылдық ауруханасының меңгерушісі Мақпал Сұлтан.

Сол сияқты оөңір басшысы келесі жылы «Үштөбе – Алмалы — Көпбірлік» автожолының 145-ші шақырымындағы Алмалы көпірі де жасалатынын жеткізді.

— Ауылдарыңызда мектеп пен аурухана бар, енді замауани дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйі салынады. Өткен жылы Көпбірлік ауылына, биыл Алмалыға жедел жәрдем көлігін бердік. Сонымен қатар ауылдың ішкі көшелерін жөндеуге, жарықтандыруға көңіл бөлеміз. Оған қоса сіздердің өтініштеріңізге орай типтік жобамен халық санына сәйкес спорт кешенін саламыз деп шештік. Осылайша ең алдымен ауылдың инфрақұрылымын жақсарттық, екінші кезекте қажетті әлеуметтік нысандар салынуда, ендігі кезекте шағын және орта бизнесті және ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару керек. Ол үшін «Ауыл аманаты» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың қолдау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Қайрат Закирьянов: Қазақстанның басты байлығы — мұнай емес, ақыл-ой

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...