Жетісу облысында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі кеңеюде

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы халықты қолжетімді әрі сапалы жоғары технологиялық медициналық көмекпен (ЖТМК) қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

2025 жылы Жетісу облысының медициналық ұйымдарында жоғары технологиялық медициналық көмек медициналық көмектің әртүрлі бейіндері бойынша 698 пациентке көрсетілді.

ЖТМК өңірдегі бірқатар мемлекеттік медициналық ұйымдарда көрсетіледі. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында балаларға мамандандырылған күйік (комбустиологиялық) медициналық көмек көрсетіледі. Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында ересек пациенттерге нейрохирургиялық, ортопедиялық және травматологиялық медициналық көмек көрсетіледі.

Облыстық кардиологиялық орталықта кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетілсе, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында травматология, нейрохирургия, хирургия, тамырлы хирургия және пульмонология бағыттары бойынша жоғары технологиялық емдеу әдістері енгізілген.

Мемлекеттік сектордан бөлек, жоғары технологиялық медициналық көмек жекеменшік медициналық ұйымдарда да көрсетіледі. Атап айтқанда, «Жетісу-Жүрек» медициналық орталығында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетіледі, ал ХАК медициналық орталығында және «НҰР Ортохирургия Медициналық Орталығында» ересек пациенттерге травматологиялық және нейрохирургиялық көмек көрсетіледі.

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Маратұлы Садыковтың айтуынша, жоғары технологиялық медицинаны дамыту – саланың негізгі басым бағыттарының бірі:

«Біздің басты міндетіміз – облыс тұрғындарын заманауи әрі тиімді медициналық көмекке тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету. Бүгінде жоғары технологиялық операциялар мен күрделі емдеу түрлері пациенттерге тікелей өңірдің өзінде көрсетілуде. Біз жаңа медициналық технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп, кадрлық әлеуетті дамытып, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту арқылы әрбір сақталған өмірдің уақтылы әрі сапалы медициналық көмектің нәтижесі болуын қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті Асқар Садыков.

Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы жоғары технологиялық медициналық көмекті одан әрі дамыту, заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыра береді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...