Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің мәліметінше, жер сілкінісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 23:45-те Жетісу облысында тіркелген.

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Жер сілкінісінің координаттары: 44.280 с.е. 79.740 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. 

Есептік қарқындылық (балмен):

  • Алматы 2 балл;
  • Жаркент қаласы 3 балл;
  • Шонжы ауылы 4 балл;
  • Текелі 3;
  • Қырғызсай ауылы 2 балл;
  • Қарабұлақ кенті 2 балл;
  • Жансүгіров ауылы 2 балл;
  • Көкпек ауылы 2 балл;
  • Сарқан қаласы 2 балл;
  • Талдықорған қаласы 2 балл.

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 22:58-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Жетісу облысында жер сілкінді. 

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.

236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс.

Қазақстанда алимент төлемеген 1500-ден астам адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемей, іздеуге жарияланған 1500-ден астам адамның тізімі...

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.