Жетісу облысында қоғамдық кеңес мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Бүгін Жетісу облысы Сарқан қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазарту жұмыстары жүргізілді. Ауданның қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері, аудандық мекеме ұжымдары, жастар мен қала тұрғындары қатысқан тазалық шарасына 200-ге жуық адам қатысты. Акция қатысушылары аудан орталығының парктері, аллеяларын тазартып, қоқыстарды жинады. Одан өзге де мекеме қызметкерлері өз жұмыс орындарының аулаларын тазартып, экологиялық акцияға белсене ат салысты.

Акция барысында барлығы 1 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Акция қатысушылары алдағы уақытта да аудан жұртшылығын тазалық щараларына белсене қатысуға шақырып, туған жердің тазалығы әркімнің өз үйінен басталатынын ескертті.

«Жаңа Қазақстан – таза Қазақстаннан басталады. Біз қоғамдық кеңес мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына атсалысудамыз. Егер қаламыз, ауылымыз, тұратын баспаналарымыз таза болатын болса деніміз де сау болады», — дейді Сарқан аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлбаршан Мырзабайқызы Қалиева.

ҚазҰУ-да тең мүмкіндік пен достықты дәріптеген үстелүсті жарысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша...

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот дауларын шешудің тиімді бағыттары

      Сот жүйесіндегі ең күрделі әрі нәзік мәселелердің бірі...

Ұлттық дәстүр ұлықталған күн

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні –...

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....