Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және госпитальдық фармация бөлімі салтанатты түрде қолданысқа берілді. Ашылу рәсіміне Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Садыков Асқар Маратұлы, сондай-ақ өңірдегі бірқатар медицина ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты.

Жетісу облысы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2025 жылғы тамыз айында клиника жанынан күндізгі стационарға арналған жеке модульдік корпус құрылысы басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық аяқталды. Қазіргі уақытта күндізгі стационар жеке ғимаратқа көшіріліп, 18 заманауи кресло-төсекпен жабдықталды. Мұнда пациенттер бір мезгілде химиотерапия, таргеттік және иммунотерапия емдерін қабылдай алады.

Жаңа нысанның маңыздылығына тоқталған Садыков Асқар Маратұлы:

«Күндізгі стационардың жеке корпусқа орналастырылуы онкологиялық науқастарға көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттырды. Бұл – пациенттер үшін жайлы жағдай жасап қана қоймай, емдеу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды шешім», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Облыстық көпсалалы клиника базасында госпитальдық фармация бөлімі өз жұмысын бастады. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы №834 қаулысымен бекітілген «2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар» аясында жүзеге асырылды.

Жаңа бөлімше цитостатиктерді орталықтандырылған асептикалық дайындау кабинетімен, автоматтандырылған фармацевтикалық өңдеу аймағымен, дәрілік заттар мен инфузиялық ерітінділер қоймасымен жабдықталған және тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл онкологиялық емдеудің қауіпсіздігін арттырып, дәрілік қателіктерді азайтуға және қымбат дәрілік препараттардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Клиника директоры Мадияр Умирбаевтың айтуынша:

«Госпитальдық фармация бөлімінің іске қосылуы – онкологиялық көмекті халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырудағы маңызды қадам. Бұл шешім емнің қауіпсіздігін күшейтіп, медициналық ресурстарды ұтымды пайдалануға және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Аталған жобалар Жетісу облысында онкологиялық көмекті дамытуға, медициналық инфрақұрылымды нығайтуға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...