Жетісу облысында алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы жүргізілді

Талдыорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада Жетісу облысының штаттан тыс бас онкологы, аталған клиника директоры Мадияр Аманкелдыұлы Умирбаевтың жетекшілігімен өңірде алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпе ісігіне трансторакальді трепан-биопсия жасау сәтті жүзеге асырылды.

Процедураны тәжірибелі дәрігерлік команда — клиника директорының орынбасары Б.Л. Бертаев пен рентгенолог-дәрігер Е. Дүйсенбекұлы орындады.

Өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы — бұл аз инвазивті әдіс, яғни кеуде қабырғасы арқылы өкпедегі күмәнді ісікке арнайы ине енгізіліп, тін үлгісі алынады. Бұл процедура компьютерлік томография бақылауымен, жергілікті анестезия арқылы жүргізіледі және тіндерді микроскопиялық зерттеуге мүмкіндік береді. Осылайша диагнозды дәл қоюға және емдеу тактикасын дұрыс таңдауға болады.

Алғашқы пациент — Талдыорған қаласының 85 жастағы тұрғыны, өкпедегі ісікке күдікпен клиникаға жүгінген. 2025 жылдың 27 тамызында оған трансторакальді биопсия жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығуға дайындалып жатыр.

«Бұл процедураның біздің клиникалық тәжірибемізге енуі — Жетісу облысындағы онкологиялық көмекті дамытудың маңызды қадамы. Енді өңір тұрғындары нақты әрі тиімді диагностикадан өту үшін республикалық орталықтарға бармай-ақ, осында сапалы көмек ала алады. Алдағы уақытта да біз заманауи медициналық технологияларды енгізуді жалғастырамыз. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтап, уақытылы емдеуге үлкен мүмкіндік береді»- деп атап өтті Мадияр Аманкелдыұлы.

Бұл бастама өңір халқы үшін қолжетімді әрі сапалы онкологиялық көмектің дамуына жол ашады.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...