Жетісу облыстық көпсалалы клиникада алғаш рет радикалды гемигепатэктомия жасалды

Жетісу облыстық көпсалалы клиникада алғаш рет жоғары технологиялық операция — радикалды оң жақ гемигепатэктомия сәтті жүзеге асырылды. Жетісу өңірінде алғаш қолға алған ота
67 жастағы науқасқа жасалды. Ол клиникаға бауырдың оң жақ бөлігінің гепатоцеллюлярлық карциномасы (IIIA саты) диагнозымен түскен. Бұған дейін оған трансартериялық химиоэмболизацияның үш курсы жүргізілген, алайда ісіктің ұлғаюы байқалған.

Күрделі операцияны клиниканың жетекші мамандарынан құралған команда орындады. Олар: емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Д.Т. Арыбжанов, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі А.А. Кляцко, хирург-дәрігер А.А. Наят, анестезиолог-реаниматологтар Д.Т. Қасымов пен М.Ж. Жұманов..

Ота барысында лапаротомия, радикалды оң жақ гемигепатэктомия, холецистэктомия, бауыр қақпасының, паракавальды және ретрокавальды, сондай-ақ жоғарғы панкреатодуоденалды лимфа түйіндерінің лимфодиссекциясы жүргізіліп, құрсақ қуысына дренаж қойылды.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Бүгінгі күні қан көрсеткіштерін түзету және ерте оңалту шаралары жүргізілуде.

Клиника директоры Мадияр Өмірбаев:

«Бұл операция өңірде жоғары технологиялық хирургияны дамытуда жасалған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейін және бүкіл медициналық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді. Біз мамандарға алғыс айта отырып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекті одан әрі жетілдіре береміз», — деп атап өтті.

Аталған күрделі операцияның сәтті орындалуы Жетісу облысындағы клиниканың жоғары кәсіби әлеуетін және заманауи медицинаның кең мүмкіндіктерін айқын дәлелдеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...