Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде салтанатты іс-шара өтті

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

Ардагерлерге құрмет көрсету ҚАЖ саласында дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Іс-шараға арнайы соғысқа қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, еңбек майданының қатысушылары, жауынгер-интернационалистері және ҚАЖ ардагерлері, сонымен қатар Департаментке қарасты мекеме және пробация басшылары шақырылды.

Салтанатты жиын Әнұран орындалуымен және Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың құттықтау сөзімен басталды.
Шақырылған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бір қызметкер мерзімінен бұрын арнайы атағын алса, бір қызметкер арнаулы атағынан бір саты жоғары атағын алды.

“Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медаліне 2 қызметкер иеленіп, тағы екі қызметкер “қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісін алды. Бұған қоса, ІІМ алғыс хатына 1 қызметкер, грамотасына 5 қызметкер ие болды. ҚАЖ Департаменті бастығының бұйрығымен 9 қызметкерлер марапатқа ие болды.

Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер әскери әндер орындап, ардагерлер өз кезегінде мерекеліп лебіздерін білдіріп, жастарға өсиет ақылдарын айтты.

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...