Жетісайлық полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бүгінде ғаламтор арқылы алаяқтық қылмысын жүзеге асырып, оңай олжалы болуды көздейтіндер саны жетерлік. Бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес.

Осы тұрғыда Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың алдын алу үшін адамдар көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға алаяқтықтың құрбаны болмас үшін не істеу керектігі жөнінде ақпараттар беріп, тұрғындарға брошюралар таратты. Алаяқтардың жиі қолданатын әдісі – азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, атына шағын несие рәсімдеу, түрлі қосымша бағдарламалар арқылы онлайн зат сатып алу. Сондықтан осы секілді күмәнді қызмет ұсынатындарға сенбеуге кеңес береді. Сонымен қатар полицейлер облыс тұрғындарына құжаттарыңыз бен олардың көшірмелерін ешкімге бермеуге, таныс және бейтаныс адамдар ақша сұрап, несие жабу, зат сату және алу секілді қызмет ұсынса, оның сенімді адам екендігіне толық көз жезіп алу қажеттігін ескертті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...