Жеті жыл бұрын әскерден мүгедек боп оралған сарбаз қайтыс болды

Тәжікстанда жеті жыл бұрын өз еркімен әскерге кетіп, мүгедек боп оралған Шахбол Мирзоев қайтыс болды деп хабарлайды centralasia.media

Әскерден мүгедек боп қайтқан Мирзоевқа үш жыл бұрын бірнеше ота жасалған. Дәрігерлер науқас аяғынан тұрып кетеріне сенім білдірген болатын, өкінішке қарай бұл болжам орындалған жоқ. Шахбол Мирзоев Хожан коммерциялық университетінің заң факультетін аяқтаған. Ол әуежай шекарасына жұмысқа тұрғысы келген. Оған жаңа қызметке кірісу үшін бір жыл әскерде отан алдындағы боршын өтеу қажет болған. Осылайша, ол өз еркімен Рудаки ауданындағы шекара әскерінің оқу бөлімінде борышын өтіп жатады. Арада алты ай өткен соң, 2014 жылдың наурызында Шахболдың тісі ауырған. Алайда, лауазымына байланысты жоғары тұрған кезекші фельдшер көмек көрсетудің орнына оны мазаққа айналдырады. Артынша сарбазды күшпен көтеріп, жерге лақтырады.

Фельдшер Шахболдың аяғы сынғанына қарамастан өз әрекетін жалғастыра берген. Тергеу мәліметінше, ол сарбазды 15 рет лақтырған. Артынша фельдшер Шахболды медициналық бөлімшеге жауып, ешкімге айтпауды бұйырады. Кейін дәрігерлер сарбазға бесінші жұлын дискісінің сынуы, жұлынның зақымдануы, жамбас буындары жұмысының бұзылуы сынды диагноз қойған. Содан бері Шахбол жүре алмай қалған. Сот істе өте ұзақ қаралған. Оқиғадан кейін екі жыл өткен соң Душанбе қалалық әскери прокуратурасы фельдшерді 9 жылға бас бостандығынын айырды, ал сол күні жұмыс орнын тастап кеткен медбөлімнің кезекшісі, офицер әйел бір жарым жылға түзету жұмыстарына тартылды, оның жалақысы 15 пайызға қысқарды. Алайда, бір жарым жылдан соң фельдшердің жазасын өтеу жылы қысқарып, ал кезекші толығымен рақымшылыққа ілінген.

Әскери сот шекара әскеріне сарбаздың жанұясына материалдық залал келтіргені үшін өтемақы төлеуді міндеттеді. Алайда, ол сома тіпті бір отаның құнын жаппас еді. Ол қаражаттың өзі Шахболдың жанұясына бірлмеген. Шахболдың ата-анасы оны емдеу үшін малдарын, артынша үйін сатқан.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...