Тәуелсіздігіміздің өркендеп дамуына өзіндік үлес қосып жүрген әр сала мамандары екені даусыз. Олардың өз қызметіндегі жетістігі әрқайсыларының отбасындағы бейбіт өміріне байланысты. Ал, дені сау , толыққанды ,бақуатты отбасы — қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі. Осы орайда, Қызылорда қаласындағы Қылмыстық — атқару жүйесіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінде( тергеу изолятлры) кинолог маман болып қызмет атқарып жүрген әділет аға сержанты Ғалым Томевтің өмірін үлгі етуге болады.
Ғалымның ҚАЖ саласындағы еңбек өтіне 10 жыл. Соның ішінде 7 жылдан бері кинолог болып жұмыс жасайды. Төрт аяқты адамның досын баптап күтіп,қарап,жаттықтырып жүреді. Яғни ,тергеу изоляторының жұмысына қызметтік итердің қатыстырылуына тікелей жауапты маман. Погондағылардың көмекшісінің бапкері, Ғалым, тегеурінді тынымсыз еңбегімен қатар, жеке өмірінде отбасыныңда байыпты бағбаны бола білген жан. Жанұясында жары екеуі 7 перзент тәрбиелеп, оқытып,білім беріп, 2 немере сүйіп отырған үлгілі отбасы. Отан шын мәнінде отбасынан басталады .Өйткені отбасындағы әр бала ата- әженің ,ата — ананың тәлімін көріп бой түзейді.Сондықтан мен жұмысым қанша қыйын болса да,үйге шаршағанымды білдірмей,бойымды тік ұстап ,ашық — жадыраңқы қабақпен кіремін .
Олай дейтінім, төрт көздері түгел ас- тамақтарын ішіп — жемей, отырған жақындарым, мені көріп қуанышқа бөленеді. Менің әрбір іс- қыймылым , жүріс — тұрысым, сөйлеген сөзім оларға игі әсерін беру керек. Өсіріп отырған жеті балам мен екі немереме,келініме , тіптен қасымдағы жарыма да жақсы жағыммен көрінуге тырысамын. Асқар тау әке деген атқа лайықты болу үшін, өзімді ер — азаматқа лайықты ұстап жүремін. Жанашырлық жылы сөз, тындырымды іс- әрекет жанұя беріктігін нығайтатын бірден — бір таптырмас құрал — дейді, погондағы көп балалы әке.
Ия, класик жазушы Ғ.Мұстафин «Ата — ананың міндеті — тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деп айтқандай, ҚАЖ қызметкерінің үлгілі әке болуға деген талпынысы, азаматтық тұлғасын биіктететіні анық.