Жеті қазына: бәрі адалдықтан басталады

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен дүниетанымында ұлттық құндылықтардың орны ерекше. Ата-бабамыз ұрпаққа материалдық мұрамен қатар, елдің бірлігін сақтайтын, адамгершілік пен жауапкершілікті дәріптейтін рухани құндылықтарды аманат еткен. Сол мұраның бірі – халқымыздың танымындағы «Жеті қазына» ұғымы.

«Жеті қазына» – қазақтың тұрмыс-тіршілігімен, ер азаматтың болмысымен және ұлттық дүниетанымымен сабақтасқан құндылықтар жиынтығы. Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық сынды ұғымдардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Уақыт өзгергенімен, бұл құндылықтардың тәрбиелік мәні өзектілігін жоғалтпайды.

Осы идея негізінде «Жеті қазына: бәрі адалдықтан басталады» атты әлеуметтік бейнеролик әзірленді. Бейнероликте ұлттық нақыш пен заманауи қоғамның тынысы үйлесіп, дәстүрлі «Жеті қазына» ұғымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетпен байланыстырылған.

Әр қазына белгілі бір қасиеттің символы ретінде көрсетіледі: ер жігіт – ерлік пен жауапкершіліктің, әйел – даналық пен парасаттың, білім – ізденіс пен дамудың, жүйрік ат – еркіндіктің, құмай тазы мен қыран бүркіт – қырағылық пен алғырлықтың бейнесі. Ал осы құндылықтардың барлығын дұрыс бағытта сақтап, қолдануға мүмкіндік беретін басты қасиет – адалдық.

Адалдық – кез келген қоғамның берік негізі. Егер адамның бойындағы адалдық әлсіресе, білім, қызмет пен мүмкіндік жеке пайдаға жұмсалып, әділеттілік пен қоғамдық сенімге нұқсан келуі мүмкін. Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлық мәселесі де адамның ішкі ұстанымымен тікелей байланысты.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, заң үстемдігі мен әділ бәсекелестікке кедергі келтіріп, азаматтардың мемлекетке деген сенімін әлсірететін күрделі мәселе. Сондықтан онымен күрес тек құқық бұзушылық жасаған адамды жазалаумен шектелмей, ең алдымен оның алдын алуға бағытталуы қажет. Әр адамның санасында «жемқорлыққа жол жоқ» деген берік ұстаным қалыптасуы маңызды.

Бұл ұстаным отбасындағы тәрбиеден, білім беру жүйесінен және қоғамдық ортадан басталады. Әсіресе жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау – маңызды міндет. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі мемлекеттік қызметші, дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, заңгер және қоғамның басқа да салаларында еңбек ететін маман.

Бейнероликте адалдықтың нақты көрінісі ретінде заңсыз сыйақыдан бас тартқан дәрігердің әрекеті көрсетіледі. Бұл арқылы адалдықтың үлкен сөздерден емес, күнделікті таңдаудан басталатыны жеткізіледі. Дәрігер үшін адалдық – науқасқа сапалы қызмет ету, мұғалім үшін – әділ бағалау, мемлекеттік қызметші үшін – халыққа адал қызмет көрсету, кәсіпкер үшін – заң талаптарын сақтау және адал бәсекелестікке қатысу.

Бейнеролик соңындағы жеті қазынаға түскен алтын сәуле және олардың жоғары жағында пайда болған «АДАЛДЫҚ» сөзі оның негізгі идеясын айқындайды. Бұл – ұлттық құндылықтарды сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізетін ең басты қасиет адалдық екенін білдіретін символдық көрініс.

Шын мәнінде, ұлттық құндылықтарды сақтау да, елдің болашағын қалыптастыру да адамның ішкі ұстанымынан басталады. Адалдық бар жерде әділдік, әділдік бар жерде сенім қалыптасады. Ал сенім – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негізі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет те дәл осы адалдық қағидатынан бастау алады. Заңды сақтау, өз міндетін жауапкершілікпен орындау, парадан бас тарту және әділетсіздікке бейжай қарамау – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Сондықтан «Жеті қазынаның» ең бастысы – адам бойындағы адалдық.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева М.С.

«Семь сокровищ: всё начинается с честности».

В многовековых традициях и мировоззрении казахского народа национальные ценности...

Жеті қазына: бәрі адалдықтан басталады

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен дүниетанымында ұлттық...

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен...

ОБЪЯВЛЕНИЕ

о реорганизации юридического лица и переходе обязательств РГП на ПХВ...

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және міндеттемелердің ауысуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ...