Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о, Карасу ауылы, 057 орам, №9125  мекен жайында орналасқан, нысаналы мақсаты «бассейн, туризм базасы демалыс орны мен балалар спорт алаңшасының құрылысын жүргізу үшін» берілген, жалпы ауданы  жер учаскесі бар. Алайдан аталған жер учаскесіне «Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай — Автомобиль жолдары бөлімі) тарапынан  Ақсу өзенінің үстінен Манкент-Ақбастау ауылдарын жалғайтын көпір, оның бетон тіректірі (бетонные опоры моста) құрылыстарын жүргізген. Жерді бетондап, бетонды блоктар  орнатып, тас төсеп, тегістеп тастаған. М.Пратов тарапынан Автомобил жолдары бөліміне өзінің жер учаскесін пайдалана алмай отырғанын, соған байланысты өзіне өтемақы төлеуін немесе жерін босатып беруін сұранған арыз жолданған. Аудан әкім тарапынан және Автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 2024-2025 жылдары және М.Пратовқа хабарланбай оның жер учаскесіне көпір құрылсы жобасы жасалып құрылыс жүргізілген. М.Пратовтың  өтініші негізіннен қаралмай, бұзылған құқықтары қалпына келтірілмеген.

М.Пратов 2025 жылдың желтоқсан айында Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына   талап қою арызымен жүгініп,  арызында жауапкерлердің мұның Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару әрекетін жасамаған әрекетсіздігін заңсыз деп тануды және  Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару әрекетін жасауға жауапкерлерді міндеттеуді сұраған.

Сотта істі қарау барысында талап қоюшы М.А.Пратовқа тиесілі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округі, 057-ші есептік кварталда орналасқан алаңы 0,0868 га  жер учаскесі бөлігінен салынған көпірдің бетон тіректері мен плиталары, темір қоршаулар, асфальт және жаяу жүруге арналған жолы төселгені анықталды. Салынған көпірдің жалпы ұзындығы 96 шаршы метр.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (әрі қарай — Заң) 18-бабының  20) тармағына сәйкес, аудандардың атқарушы органдары жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесіне қатысты мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулы қабылдайды.

Заңның 63-бабаның 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданады.

Жер кодексінің  84 бабында жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін деп көрсетілген. Көпірдің құрылысы осы Жер кодесімен көрсетілген айрықша жағдайларға жатады.

Сот Заңның және Жер кодексінің талаптарын басшылыққа алып, Аудан әкімдігі мен Уәкілетті бөлімдердің көпірдің пайдалану аумағына кіретін М.Пратовқа тиесілі жер учаскесінің бөлігін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару әрекетін жасамаған әрекетсіздіктері заңсыз деп таныған.

Соттың белсенді ролі әрекетімен істі сотта қарау барысында Аудан әкімі тарапынан жеке кәсіпкер М.Пратовқа тиесілі жалпы ауданы  жер телімінің 0,0868 гектарын мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару бойынша Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысы қабылданған.

Осылайша талап қоюшы құқығы толық қорғалып қалпына келтірілген. 

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты төрағасы М.Шарипов  

Сайлауға және Республикалық референдумға қатысушылардың сайлау құқықтарын қорғау

Еліміздің Ата Заңымыз – Конституцияның 3-бабына сәйкес, Мемлекеттік биліктің...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...