Жергілікті тұрғынның үйінің кіреберісінен шолақ мылтық тәркіленді

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде заңсыз қару-жарақ сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын, яғни оның Сауран ауданының тұрғыны екенін анықтап, ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде, оның кіреберіс бөлмесінен 16 калибрлі шолақ мылтық пен атылған оқтарды тауып, тәркілеп алды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кәмелетке толмағандарға қатысты сот дауларын шешудің тиімді бағыттары

      Сот жүйесіндегі ең күрделі әрі нәзік мәселелердің бірі...

Наурыз – табиғат пен адамның үндестігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні –...

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...