Жерді шетелдіктерге жалға бермейміз. Бұл жер ата-бабамыздан аманат ретінде қалған — «Ауыл» партиясы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ауыл» ХДПП орталық аппартының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов саяси ұйымның жер мәселесіне қатысты көзқарасын жеткізді. Оның айтуынша, қоғамды алаңдатып жүрген бұл мәселе нарықтық принциптер енгізілгелі 1992 жылдан бері көтеріліп жүр. Содан бері түрлі көзқарастар айтылып, пікірталастар болып жатыр.

«Жер дегенде қазақтың мәдениетіне қайшы қаншама сөздер, көзқарастар бар. Бұл жерді ата-бабамыз бүгінгі азаматтарымызға аманат ретінде тапсырып кетті. Қаншама қантөгіс болып, жаулармен соғысып отырып, сойылмен, шоқпармен жерді алып қалғанда, оны біреуге сатуға, жалға беруге ешқандай құқығымыз жоқ», — деді партия өкілі. Тіпті ата-бабамыздың алдында да, келешек ұрпақтың алдында да біз бұған бара алмаймыз.

Спикер бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осы мәселеге нүкте қойды.

Динамичный проект 

В ГОРОДЕ КЫЗЫЛОРДЕ ОТКРЫЛСЯ ПЕРВЫЙ В КАЗАХСТАНЕ «ЦЕНТР КОМПЕТЕНЦИЙ»....

Шанс на трудоустройство 

В КОКШЕТАУ ПРОШЛА ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ. БОЛЕЕ 200...

Два года вдохновения с «Інжу»

В Кокшетау зажигаются новые танцевальные звезды – юные участницы...

Отдых с заботой о природе

Экологический туризм уверенно набирает популярность во всем мире, и...

В формате открытого диалога 

В целях повышения экологической грамотности молодежи и формирования ответственного...