12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жер учаскелерінің шекарасын орнату не үшін керек?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Жеңісбеков Ержан Жеңісбекұлымен жер кадастры саласында атқарылатын жұмыстар туралы сұхбат

Жер кадастр басқармасы қандай жұмыстармен айналысады және қандай қызмет түрлерін орындайды?

Ел басының 100 нақты қадам ұлттық бағдарламасы аясында құрылған  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастры саласында атқарылатын жұмыстар: мемлекеттік жер кадастры ҚР жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 534770 жеке тұлғалардын, 50859 заңды тұлғалардың жер учаскелері Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйелер базасына тіркелген (МЖК ААЖ). Кадастрлық жұмыстар:   мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету және коммерциялық қызметтер көрсету болып бөлінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне: жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын жасау; жер-кадастрлық жоспарын жасау; жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын анықтау; Жобаланатын жер учаскесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық базасымен сәйкестігін тексеріп келісу; және Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру.

Коммерциялық қызмет түрлеріне: Жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірлеу; жерге орналастыру жобасын жерге көшіру, жер учаскесінің басына барып нақты шекараларын белгілеу, жерді түгендеуді жүргізу т.б. жерге орналастыру жұмыстары.

Елді мекен шекараларын белгілеу немесе орнату қаншалықты маңызды жұмыс?

Өте дұрыс сұрақ, Жер –шаруашылық орналастыру жұмыстарын жүргізу –елді мекен шектерін бас жоспарға сәйкес кеңейту ұлғайту кезінде  шекараларын белгілеу. Түркістан облысы бойынша 842  елді мекендер бар, бүгінгі таңда аталған елді мекендердің 347 елді мекенге жер- шаруашылық орналастыру жұмыстары орындалып шекаралары белгіленді. Осы орайда айта кету керкек жергілікті атқарушы органдар бұл жұмыс түрін біздің мекеме арқылы істегендері дұрыс болады, өйткені жаңа жоғарыда айтып өткенімдей мемлекеттіе жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесінің базасын жүргізуші бірден-бір мекеме болғандықтан барлық мәліметтер өзімізде болғандықтан аталған жұмыс түрін дұрыс әрі сапалы орындауға үлкен мүмкіндіктер бар, одан бөлек материалды техникалық базамыз соңғы үлгідегі геодезиялық құралдармен жабдықталған.Елді мекендер әкімшілік аумақ шекараларының дұрыс белгіленуі ауыл округі әкімдерінің жер саласы бойынша дұрыс жұмыс жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады.

     Біздің елімізде жер учаскесін қалай алуға болады?

Біздің елімізде ҚР азаматы жер кодексінің 50 бабымен бекітілген жер беру нормаларына сәйкес тұрғын үй салу үшін 0,1 га (10 соттық) жер тегін алуға құқылы. Жер беру тәртібі жер кодексінің 43 бабына сай жүргізіледі. Жер учскесін беру туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беру; Сұралып отырған жер учаскесінің мәлімделген  нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау; жер учаскесін алдын-ала таңдау; тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссиясының жер учаскесін беру туралы қортындысын дайындау; Жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту; жергілікті атқарушы органның шешім қабылдау; сату-сатып алу немесе уақытша  жер пайдалану шартын жасасу; жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу; Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін (үлестен басқа) жергілікті атқарушы орган ұйымдастыратын конкурс немесе аукциондар арқылы алуға болады.

Жер учаскелерінің шекарасын орнату не үшін керек?

Жер учаскелерінің шекарасын орнату біріншіден жер дауы туындамауы үшін керек, екіншіден мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне есепке алу, үшіншіден салық төлемдерін тағайындау үшін, жалпы жер пайдаланушы өз жер усачкесінің шекаралары шегінде жерді заңға сәйкес пайдалануы үшін.

     Жер учаскесінің шекарасы белгіленгенін немесе белгіленбегенін қалай білуге болады?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскелерінің шекараларының бұрылыс нүктелерінде меже белгілері орнатылған белгіленген үлгідегі қорғандар жасалады. Ал елді мекендер шегінде шекаралардың бұрылыс нүктелеріне межебелгілері орнатылады және жер иеленушіге сақтауға тапсырылады. Сонымен қатар әрбір жер учаскесіне  жер учаскесінің иесі туралы және жерге орналастыру жұмыстары туралы барлық мәліметтер қамтылған жер кадастрлық іс қалыптастырылады, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық және атрибутикалық базасына енгізіледі, сөйтіп мекеменің мұрағатында сақталады.

Жер учсакесіне құжат алу үшін қандай көлемде қаражат төленеді?

Жерге орналастыру жұмыстарын орындау үшін төленетін төлем ақы мөлшері жер учаскесінің көлеміне, периметріне, орналасу конфигурациясының күрделілігіне және т.б. параметрлеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген баға Прейскуранты неізінде есептелген сметалармен айқындалады.

Жер учаскелерінің бір-біріне қабаттасып орналасуы болады ма, ондай мәселелер қалай шешіледі?

      Әрине мұндай мәселелер аз емес. Мұндай жағдайларда бірінші кезекте даулы жер басына шығып, далалық өлшеу жұмыстарын қайта жүргізіп, толыққанды талдау жұмыстарын жүргізу арқылы дау мәселелрін шешуге әрекет жасау. Болмаған келіспеген жағдайда жер кодексінің 167 бабына сәйкес жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәрібімен қаралатындығын ескертіп, сот тәртібімен шешуді ұсынамыз. Бұл мәселе жөнінде айта кетуіміз керек, мұндай келеңсіз жағдайлар негізінен өткен ғасырдың 90 жылдарында  және 2000 жылдың бас кездерінде орындалған жер учаскелері бойынша кездеседі.  Өйткені сол кездегі өтпелі кезеңде жерге орналастыру жұмыстарымен айналысатын біздің мекемеде материалды-техникалық база өте төмен жағдайда болды және білікті мамандар тапшылығы да әсер етті. Сондықтан қазіргі таңда барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар өз құзіреттері шегінде жер учаскелерін түгелдей реттеп, қайта орналастыру жұмыстарын жүргізетін болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастрының материалды-техникалық базасы 30 ға жуық заманауи тұрғыдағы геодезиялық құралдармен жабдықталғанын және 160 білікті мамандармен қамтылғанын айтуымыз керек.

 Сұхбатыңызға рахмет!!!

  

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...