Жеңіс Қасымбек Астана күнімен құттықтады

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Елордамыздың 26 жылдығы құтты болсын!

Қаламыздың қалыптасуы мен даму жолының артында қашанда сіздер тұрасыздар! Сіздер түрлі салаларда еңбек етіп жүрсіздер: балаларға білім беру, науқастарды емдеу, нысандар салу, туризмді дамыту. Әрқайсыларыңыз қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрсіздер.

Астанамыз 300 мың тұрғыны бар арқа даласындағы шағын қаладан ірі мегаполиске айналды. Қазір қалада 1,5 миллионға жуық адам тұрады.

Қаламызды одан ары жайлы ету жолында жүйелі бірқатар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жүрміз. Олар – тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, инженерлік және жол инфрақұрылымы, білім беру, спорт және медицина нысандары, қоғамдық және аулалық кеңістіктер нысандарының құрылысы.

Бұл күндері қалада ондаған түрлі іс-шара өтіп, жаңа қоғамдық және аула кеңістіктері ашылып жатыр.

Астана күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін!

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.