ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

Алматы әуежайында мереке. Париж Олимпиадасында ел қоржынына дзюдодан алтын сыйлаған Елдос Сметов пен қола жүлдеге ие болған Ғұсман Қырғызбаев елге келді. Спортшыларды туған-туыстары, мемлекеттік қызметкерлер, танымал спортшылар мен жанкүйерлер күтіп алды. Олардың арасында Елдос пен Ғұсманның жақындары да бар.

«Қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылық білдіреміз. Балама барлық тілеулес жұрт, бапкерлері үлкен сенім артты. Елдің сенімін ақтады», – деді Елдостың әкесі Бақтыбай Сметов. «Олимпиада алдында халқымызбен бірге біз де ұлымызға ақ бата беріп шығарып салдық. Ғұсман ерледі, оның қоласы алтынмен пара-пар», – деп қуаныш сезімін білдірді Ғұсманның әкесі. Спортшылардың жетістігіне тәнті болған Алматы қаласы дзюдо федерациясының вице-президенттері Али Хамхоев пен Ержан Зайдинов дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады. Алқалаған көпшіліктің ақжарма тілегіне риза болған спортшылар кездесу барысында алдағы жоспарларымен де бөлісті.

«Біз туған жерімізге оралғанымызға және сіздердің жылы қабылдауларыңызға қуаныштымыз. Бұл бізді одан әрі жетістіктерге жетуге ынталандырады. Олимпиада ойындарына алтын аламын деп барғанмын. Бар күш-жігерімді салдым, бұйыртқаны қола болды. Қазақ елі, қолдауларыңызға рақмет», – деді Ғұсман Қырғызбаев. «Бұл Олимпиадаға толық дайындалдым. Маған барлық халық сенді, бірақ медальге бір қадам қалғанда жеңіліп қалдым. Бұйырмады, келесі Олимпиадада да күрессін, тастамасын деп тұрған сияқты. Тағы да күресемін. Үшінші орынға белдескен қыздан бір жеңіліп, бір жеңгенмін. Сондай бір ыңғайсыз қарсылас болды. Кездесудің ортасында тіземді ауыртып алдым. Барлық қарсылас бірдей, дұрыс қалыпқа келмедім. Бірақ көп тәжірибе жинадым. Қазақ халқының қолдауын әлі күнге дейін сезініп келемін. Қанша жерге шақырып жатыр, бәріне көп рақмет!» – деді Әбиба Абужақынова.

Кездесуге келген жанкүйерлер эмоцияларын жасырмады. «Біз чемпиондарымызды мақтан тұтамыз. Олардың жетістіктері бүкіл елді шабыттандырады», – деді жанкүйерлер.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.