12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеңілдетілген тәртіп — «Еурохаттама»

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларында жол-көлік оқиғасын (әрі қарай – ЖКО) жеңілдетілген жолмен ресімдеуге болады, яғни мардымсыз ЖКО орын алған кезде, автокөлік иелері сақтандыру компанияларынан келтірілген залалды жол полициясын шақырмай-ақ, кейін сотқа жүгінбей-ақ тиімді тәсілмен өтеуге құқылы. Бұл жеңілдетілген тәртіп «Еурохаттама» деп аталады.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Жалағаш аудандық соты аталған тәжірибені белсенді түрде қолдану мақсатында «Еурохаттаманы іске асыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Ә.Мизанбаев, әкімші басшысы А.Қ.Алтынбаев аудандық жол полициясы қызметкерлері және сақтандыру компаниялары өкілі қатысты.

Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы А.Ә.Мизанбаев Еурохаттама дамыған елдерде белсенді түрде қолданылатынын, оның нәтижелері ЖКО қатысушыларына шығынды өтеу мәселелерін тез шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әкімші басшысы А.Қ.Алтынбаев Еурохаттаманың артықшылықтарына тоқталып, аталған хаттама түрі автокөлік иелеріне ЖКО дербес реттеуге, сондай-ақ қысқа мерзімде сот қаулысын қажет етпей, залалдың орнын толтыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ЖКО қатысушылары Еурохаттама толтыру арқылы өтемақыны келесідей жағдайларда ала алатындығын еске салды, егер:

ЖКО екі көлік құралы ғана қатысса;

келтірілген шығын сомасы өзара келісім бойынша 100 АЕК-тен аспауы тиіс;

зардап шегушілердің болмауы;

ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса қолданылады.

Дөңгелек үстел барысында сақтандыру компанияларының өкілі Еурохаттаманы ресімдеудің негізгі артықшылықтарын түсіндірді. Хаттаманы толтырған кезде сақтандыру компанияларына дереу хабар барып, келтірілген шығынды есептеу қамтамасыз етіледі.

Аудандық полиция органдарының өкілдері халық арасында Еурохаттаманы кеңінен насихаттауға қатысты қабылданған шаралардың жүзеге асырылатынын, жолда қабылдау акциясы жүргізілетінін хабарлады.

Еурохаттаманы тәжірибеде кеңінен қолдану мүмкіндігі жеңілдетілген тәртіптің артықшылықтары мен тәсілдері.

ЖКО орын алған жағдайда кінәліні заңда белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартпай-ақ, бейбіт жолмен реттеуге болады.  

Аян АЛТЫНБАЕВ

                  Аудандық соттың

Әкімші басшысы

Қызылорда облыстық судьялар Одағының мүшесі

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын...

Тіл ел байлығы

Тіл -  басты байлығымыз, ол қай ұлтта, қай елде...

Новые изменения в Уголовном кодексе: важные моменты и их значение

5 июля 2024 года Парламент Республики Казахстан принял важный...

Когда может понадобиться административный иск?

Административным процедурно-процессуальным кодексом, действующим в Казахстане с 1 июля...

Жемқорлықты жеңу басты мақсат!

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...